Конкурс жеңімпаздары TVET AWARDS ресми марапаттауына шақырылады. Қосымша ақпарат өңірлік білім басқармаларына жіберіледі.

Үздік 100-ге кірмеген қатысушылар үшін осы конкурсқа қатысқанын растайтын сертификаттар дайындалатын болады. Сертификаттар сайтқа 2021 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірілмей жүктелетін болады және бұрын берілген логиндер мен парольдерді пайдалана отырып жүктеуге болады.