Posted on

«Talap» КЕАҚ штаттан тыс ТРЕНЕРЛЕРДІ қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені тарату мақсатында «Talap» КЕАҚ біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу үшін біліктілікті арттыру бойынша іс-шараларды өткізуге «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренері мәртебесін беру және кадр дайындау жүйесінде белгілі бір тәжірибесі бар мамандарды тарту қағидаларына сәйкес штаттан тыс тренер мәртебесін беруге үміткерлердің құжаттарын қабылдау туралы хабарлайды (қағидаларды жүктеу).

Конкурсқа қатысу үшін барлық үміткерлер 2022 жылғы 4-ақпанды қоса алғанға дейінгі мерзімде talap_2021@list.ru электрондық поштасына құжаттарды (нөмірлеуге сәйкес папкалар бойынша бөле отырып, бір мұрағатта) жіберуі қажет:

  1. тренер мәртебесін беру және мамандарды тарту бойынша комиссия төрағасының атына өтініш (1-үлгіні жүктеу)
  2. ереженің 1-қосымшасына сәйкес түйіндеме (2-үлгіні жүктеу) ;
  3. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  4. ТжКБ ұйымында және/немесе жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе кәсіпорында 3 жылдан кем емес еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. «Talap» КЕАҚ біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың көшірмелері;
  6. Тренингтер / коучинг өткізу саласындағы қосымша білім құжаттарының көшірмесі;
  7. шет тілдерін білу сертификаттарының көшірмелері (болған жағдайда);
  8. тағылымдамадан өткені туралы құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
  9. тренерлік қызметті растайтын құжаттардың көшірмелері;
  10. ереженің 3-қосымшасына сәйкес жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымы (3-үлгіні жүктеу);
  11. Үміткердің қалауы бойынша қосымша кәсіптік білімі немесе тәжірибесі, ғылыми дәреже туралы, наградалармен марапаттау және құрметті атақтар беру туралықұжаттар ұсынылуы мүмкін.

Барлық құжаттар үміткердің жеке поштасынан жіберілуі тиіс.

Тренер жіберетін хаттың тақырыбында автордың тегі мен аймағы (қала, облыс) және конкурсқа қатысу санаты (штаттан тыс тренер мәртебесін алуға) міндетті түрде көрсетілуі тиіс. 2022 – Объявление о наборе ВТ 19-01