«Жастар – қоғамның қозғаушы күші, үкілі үміті. Егемендік жылдары елімізде санасы азат, ойы сергек тұтас бір жаңа буын қалыптасып, өсіп жетілді. Біз Тәуелсіздігіміздің бұл белесіне жарқын жетістіктермен аяқ басып отырмыз. Өскелең ұрпақтың ертеңі үшін мемлекет тарапынан маңызды шешімдер қабылданып, тың бастамалар қолға алынды. «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асып, жастарымыз әлемнің беделді оқу орындарында, заманның сұранысына сай зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетінде білім алу мүміндігіне ие болды», - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумына қатысушыларға үндеуінен.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы аясында «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізіледі.

Конкурс талантты жастарды қолдау, жұмысшы біліктіліктерін және өздерінің білімдері, дағдылары мен таланттарының арқасында жетістікке жеткен үздік колледж студенттерді дәріптеу мақсатында өткізіледі. 

Қатысушыларға сәттілік тілейміз! 

Конкурс күнтізбелік жылдың 1 қазанынан 10 желтоқсанға дейін өтеді: 

1-15 қазан аралығында – аймақтардың білім басқармаларынан өңірлік кезеңнің 10 жеңімпаз студенттері көрсетілген өтінімдерді info@tvet.kz электрондық поштасына бойынша қабылдау; 

16-31 қазан аралығында – Конкурс платформасында өңірлік кезеңнің 10 жеңімпаз – студенттердің жұмыстарын тіркеу; 

1-15 қараша аралығында – онлайн дауыс беру; 

16 қараша – 10 желтоқсан аралығында – Конкурс қорытындысын шығару.