Құрметті педагогтер!

Ағымдағы жылы өткізілген ТжКБ ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстарының республикалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өз мәресіне жетті.

Барлық уақытта қоғам педагогтен өзінің жеке қасиеттерімен қатар интегралды сапаны – кәсіби шеберлікті, оның негізінде жеке мәдениеттің, білімнің және дүниетанымның педагогикалық техникамен және озық тәжірибемен үйлесімін ерекшелеп көрсетті.

Өйткені, нағыз педагог тек теорияны біліп қана қоймай, оқу процесінің тиімді технологияларын қолдана отырып, оларды белгілі бір жағдайға дұрыс таңдай білу, өз іс-әрекетінің ең жақсы тәжірибесімен алмасу, заманауи оқыту әдістерін жетік меңгеру үшін оқыту мен тәрбие процесін диагностикалау, болжау және жобалау керек.

Конкурс платформасында қатысушылар оқу және тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік өнімдердің әзірлемелерімен бөлісті, электрондық білім беру ресурстарын көрсетті, бағалау қызметі және кері байланыс бойынша жобалар мен түрлі жұмыс түрлерін ұсынды.

ТжКБ ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ өздерінің кәсіби деңгейін жетілдіруге ұмтылатын мүдделі тұлғалар өздерінің педагогикалық қоржындарын жаңа идеялармен және қатысушы-әріптестерінің инновациялық әзірлемелерімен толықтыру мүмкіндігін пайдалана ала алады.

Қазылар алқасының жұмыс қорытындысы бойынша колледж педагогтеріне студенттермен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және өткізуде әдістемелік көмек көрсету тұрғысынан құнды болып табылатын педагогтердің 15 жұмысы үздік деп танылды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

Барлық қатысушылар сертификаттарын 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін осы платформада жүктей алады.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі туралы қосымша хабарланады.

Педагогтерге шығармашылық табыс пен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

Ұйымдастыру комитеті





КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ


Warning: mysqli_connect(): (HY000/1045): Access denied for user 'sc2021user'@'localhost' (using password: YES) in /sites/kasipkor.kz/prod/rkir/inc/connector.php on line 6
Невозможно подключиться к базе данных. Код ошибки: Access denied for user 'sc2021user'@'localhost' (using password: YES)