Posted on

Әдістемелік нұсқаулық

«Talap» КЕАҚ Стратегиялық жоспарлау, талдау және ІТ-қамтамасыз ету департаменті шетелдік серіктестің ұсыныстарына сәйкес әзірленген «Жас Маман» жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 3-тармағына сәйкес ТжКБ ұйымдарын дамытудың стратегиялық жоспарын жасау бойынша нұсқаулықпен колледждерді қамтамасыз ету мақсатында ТжКБ ұйымдарын дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеу бойынша әдістемелік нұсқаулықты дайындады. Нұсқаулықтың толық мәтінін келесі сілтеме бойынша көре аласыздар   […]
Posted on

Білім Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер жайында (ТжКБ бөлімі бойынша)

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына техникалық және кәсіптік білім білім беру жүйесі бойынша енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар осы бағытта білім беретін мекемелердің жұмысына үлкен қолдау болды. Мысалы, Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес колледждер ақылы қызмет көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл колледжде білім алушылардың шеберлігін шыңдап, мамандығына деген қызығушылығын арттырып, сұранысқа ие маман ретінде жұмысқа орналасуларына, кәсіпкерлікпен […]
Posted on

«Жас Маман» жобасын жүзеге асыру

Үстіміздегі жылдың 3 ақпанында «TALAP» КЕАҚ Жобаны үйлестіру және әріптестік департаменті бейнеконференция форматында «Жас Маман» жобасын іске асыру бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Отырысқа ҚР БҒМ ТжКБ департаментінің басшысы мен қызметкерлері, аймақтық білім басқармаларының өкілдері және «Жас Маман» жобасына қатысатын 180 ТжКБ ұйымдарының басшылары қатысты. Кездесуде 2020 жылы жобаны іске асырудың қорытындылары шығарылып, «Жас Маман» жобасына […]
Posted on

«Жас маман» жобасының іске асырылу барысы туралы

Жоба шеңберінде 80 колледжді заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау үшін 2020 жылға бөлінген 25,9 млрд.теңгенің (ҚҚС сомасы – 2,8 млрд.теңге.) бүгінгі күнде 20,9 млрд.теңгесіне (90,4%) құрал-жабдықтар сатып алуға конкурстар аяқталды. 69 колледжге құрал-жабдықтар жеткізілді. Жыл соңына дейін барлық колледждерге құрал-жабдықтар толықтай жеткізілетін болады.