Worldskills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты

 

«2014-2016 жылдарға арналған ТжКБ дамытудың тиімді бағытын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына» сай (2 тапсырма, 5 механизм)  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2014 ж. Қазақстанның WSI енуді жоспарлаған болатын. Аталған іс-шараны орындауға жауапты болып «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ (бұдан әрі – Холдинг) болып анықталды.

2014 жылдың басынан бастап Холдинг WorldSkills басшылығымен ассоциацияға кіру процедурасы және кездесулер өткізу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырды. Атқарылған жұмыс нәтижесінде 2014 жылдың 10 маусымында WorldSkills Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасын WorldSkills 70-ші қатысушысы ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады.

2014 жылдың 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Г.Н. Әбдіқалықованың қатысуымен өткен отырыста WorldSkills Kazakhstan (бұдан әрі – WSK) жобасының Ұлттық операторы болып Холдинг тағайындалды. Ол заңды түрде ҚР Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ын WorldSkills Kazakhstan жобасының ұлттық операторы ретінде анықтау туралы» 2015 жылдың 20 қаңтардағы №22 бұйрығымен бекітілді.

Одан әрі, 2014 жылдың тамыз айында Астана қаласында WSI Президенті Саймон Бартли мырзаның қатысуымен WSK жобасының мүмкіндіктері мен жетістіктеріне арналған конференция өткізілді.

WSK Ұлттық операторы жобаның ұйымдастыру құрылымын анықтайтын, барлық нормативтік құжаттар (WSK Ұлттық операторы, Ұйымдастыру комитеті, Сарапшылар кеңесі, Жобаның қамқоршылық кеңесі туралы ережелер) мен Кәсіптік шеберлік чемпионатын өткізу ережелері қабылданды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында WSK Ұлттық операторы WSK Ұлттық чемпионатын өткізді және кірпіш қалау, сырлау және гипсокартон жұмыстары, дәнекерлеу жұмыстары, токарь ісі, мейрамхана ісі (аспазшы), шаштараз ісі, АТ жүйесін басқару құзіреттіліктері бойынша еліміздің Ұлттық құрамы анықталды.

2015 жылдың 8-9 сәуір аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Қазақстан Республикасы территориясында алғаш рет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Б.М. Сапарбаев пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіповтың қатысуымен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатын өткізді.

Ұлттық чемпионатта жеті құзіреттілік бойынша жеңімпаздар анықталды: «ІТ – жүйесін басқару», «Кірпіш қалау», «Шаштараз ісі», «Дәнекерлеу жұмыстары», «Токарь ісі», «Сырлау және гипсокартон жұмыстары», «Мейрамхана ісі (аспазшы)».

Арнайы өткізілген орындар:

— «Шаштараз ісі» – «Toni&Guy» сұлулық салоны;

— «Дәнекерлеу жұмыстары» – кәсіптік техникалық колледж;

— «Мейрамхана ісі (аспазшы)» –  Gourmet – консалтинг групп;

— «Токарь ісі» – кәсіптік техникалық колледж;

— «ІТ – жүйесін басқару» –Назарбаев Университеті ДБҰ-ның технопаркі;

— «Кірпіш қалау» – BI Group тренинг-орталығы;

— «Сырлау және гипсокартон жұмыстары» – «Көрме» КО.

Чемпионатқа Астана және Алматы қалаларынан және республиканың 13 өңірінен келген 70 қатысушы қатысты. Өңірлердің барлық орталықтарының қатысуы ТжКБ беру жүйесінің ұйымдары мен оқитын жастар тарапынан жоғары қызығушылықты көрсетеді.

Жұмыс берушілер өз тарапынан Ұлттық чемпионатқа аз қызығушылықты танытты. Жеңімпаздардың (алтын, күміс және қола медаль иегерлері)  50% көбі жұмысқа орналасу ұсынысын алды.

Ұлтты чемпионат бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды (онлайн жарияланған рейтингке және WorldSkills Kazakhstan туралы жаңалыққа сай 8-9 сәуір аралығында «ТОП-күнгі жаңалықтарға» енді  – бұл оқып жатқан жастарды кәсіптік бағдарлаудағы әрекетті инструмент болып табылатындығын дәлелдейді.

WorldSkills Kazakhstan Қазақстандағы техникалық кәсіптерді дәріптейтін және қоғамның назарын аудартқан толыққанды инновациялық іс-шара болып саналады.