Worldskills туралы

Worldskills дегеніміз не?

Worldskills —мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. 75 қатысушы мемлекеттегі өндіріс саласындағы дәстүрлі қол өнерден көп бейінді кәсіпке дейінгі және қызмет көрсету саласындағы қозғалыс, WorldSkills әлемнің барлық кәсіптік білімнің дамуына тура әсер етеді.

WorldSkills чемпионаттары екі жылда бір рет әр мемлекеттерде болады, оған 22 жасқа дейінгі колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады.

Үміткерлер WorldSkills 75 қатысушы мемлекеттердің өңірлік кәсіптік чемпионаттарынан іріктеледі. Олар өздерінің шынайылылыққа максималды жақын тапсырмаларды шеше отырып, жеке және ұжымдық сапасын, техникалық қабілеттерін көрсетеді. Командалар нәтижелері тек қатысушылардың жеке кәсіби сапасы туралы ғана емес, сондай-ақ жеке кәсіптік дайындық деңгейі мен қатысушылардың келген елінің қызмет көрсету сапасының деңгейі туралы көрсетеді.

Құру тарихы

1947 жылы Испанияда алғаш рет кәсіптік-техникалық дайындық бойынша ұлттық байқау өтті. Ол жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қайта қалпына келтіру салдарынан, мемлекетте білікті мамандарға деген сұраныс жоғары деңгейде болғандықтан, кәсіптік білімнің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік туғызды. Аталған идея авторы Испан жастар ұйымының бас директоры Хосе Антонио Элола Оласо болды.

Бірінші болып аталған инициативаны Португалия қолдады. Нәтижесінде 1950 жылы алғашқы халықаралық Пиреней байқаулары өтті, оған екі мемлекеттен 12 қатысушы қатысты. Үш жылдан кейін байқауға Германия, Ұлыбритания, Франция, Марокко және Швейцарияның қатысушылары қатысты. Осыдан келе, 1983 жылы International Vocational Training Organisation (IVTO) – кәсіби шеберлік байқауларын өткізу бойынша ұйым құрылды.

Алғаш рет Испаниядан басқа жерлерле, 1958 жылы Дүниежүзілік көрме шеңберінде Брюссельде, 1970 жылы Токиода болды. 2000 жылдардың басында IVTO атын және символын өзгертті, содан бастап ол WorldSkills International деп аталатын болды. Қызргі таңда WSI эгидасымен өңірлік және ұлттық жарыстарды қоса алғанда, көптеген іс-шаралар жүргізілуде, екі жылда бір рет әлемдік чемпионат жүргізіледі.

Әлемдегі Worldskills

Бүгінгі күні WorldSkills International (WSI) — қатысушы мемлекеттегі немесе өңірдегі орта кәсіптік білімнің (VET) дамуына жауапты, агенттік мүшелері немесе ресми органдар үшін ашылған коммерциялық ассоциация  болып табылады. WSI саяси және діннен жат ұйым болып, өз қызметін дүниежүзі бойынша жүзеге асырады.

WSI өзінің болашақ қызметі ретінде, дағды мен құзыреттіліктерді дамыту арқылы әлемді жақсарту болып есептейді. Ұйымның миссиясы құзыретті, шынайы дағдыны меңгерген адамдар өз өмірінде дербес дамуы мен экономикалық өсуіне септігін тигізетінін көрсету.

WSI негізгі тапсырмасы — бұл екі жылда бір рет аталған іс-шараның тиімділігін арттыратын және дайындайтын әртүрлі шаралар енетін WorldSkills Competition (WSC) Әлемдік біріншілігін өткізу болып табылады.

2011 жылы, WSI Президенті — Тьерка Дюссельдорп (сол кезде) және жаңадан сайланған  WSI Президенті — Саймона Бартлидің инициативасы бойынша WorldSkills Foundation (WSF) қоры құрылды. WSF қорының құрылуы Әлемдік біріншілік (WSC) концепциясының дамуына, сонымен қатар ассоциацияның қатысушы мемлекеттерінде орта кәсіптік білімді дамыту және байқау жеңімпаздары үшін карьералық табысты арттыру үшін байқау нәтижелерін тиімді пайдалануға септігін тигізді. Осыдан жаңа даму тетіктері пайда болады: кәсіптік бағдар (Promoting Skills), қатысушылардың карьералық траекториясын дамыту (Career Building), әлем бойынша байқаулар (Skills Competitions), СПО дамыту (Education and Training), кәсіптік білім мәселелерінде халықаралық кооперация (International Cooperation), және құзыреттіліктің дамуын зерттеу (Research). Байқаудың даму жүйесінің жаңа тетіктері қозғалыс миссиясын жүзеге асыруға бағытталған.