Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұны және даму басқармасы

1

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұны және даму басқармасының (ТжКОБКББ МДБ) қызметі жөнінде ақпарат

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұны және даму басқармасы «Холдиг «Кәсіпқор» КЕАҚ басқарма мәжілісінің 2016 жыл 20 мамыр күнгі №7 хаттама негізінде ұйымдастыру құрылымы бойынша бекітілген және «Холдиг «Кәсіпқор» КЕАҚ дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады
Басқарманың негізгі міндеті олар:
1. ТжКОБКББ саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға ықпал ету;
2. ТжКОБКББ саласында және кадрларды дайындауда нормативтік құкықтық актілерді және заңнаманы жетілдіруде ұсыныстар әзірлеу;
3. ТжКОБКББ мазмұны мен дамуы басым бағыттарын анықтау және оқу бағдарламасының құрылымын жаңарту бағытында оны жаңа идеялармен, тәсілдермен, әдістемелермен және технологиялармен байыту;
4. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша типтік оқу жоспарлары және бағдарламаларын әзірлеу және актуализациялау, Қазақстан Республикасы кәсіптік оқытуда ТжКОБКББ ұйымдарына, әртүрлі оқу орталықтарына арналған оқу бағдарламаларын жетілдіру.
5. Қазақстан Республикасы нормативтік құкықтық актілерне мамандықтар бойынша оқу жоспары және бағдарламалары мазмұнының сәйкестігіне анализ жүргізу. Білім беруге арналған бағдарламаларға және оқу материалдарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру.
2016 жылы ТжКОБКББ мазмұны және даму басқармасының келесідей мемлекеттік тапсырманы орындауда:
 ТжКБ мадернизациялау процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметіне ақпараттық-талдауды сүйемелдеу: қолданбалы бакалавриатты енгізу;
 Қолданыстағы типтік оқу жоспары және білім беру бағадрламаларына актуализациялау бойынша қызмет көрсету.
«ТжКБ мадернизациялау процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметіне ақпараттық-талдауды сүйемелдеу: қолданбалы бакалавриатты енгізу» мемлекеттік тапсырмасының мақсаты теориялық даярлауды көздейтін және өндірісте тәжірибелік дағдыларын қалыптастыратын, жоғарғы оқу орындары және колледждер үшін интеграцияланған кәсіптік бағдарламалармен қамтамасыз ету, қолданбалы бакалавриат бағдарламасын жасау және енгізуге әдістемелік нұсқау дайындау. Бұл жұмысқа жұмыс берушілерден, техникалық және кәсіптік білім оқу орындарынан, жоғаргы оқу орнынан және қолданбалы бакалавриат жөнінде оқу әдістемелік жұмыстары бойынша тәжірибесі бар басқа ұйымдардан сарапшы-қосалқыатқарушылар тартылды.
Мемлекеттік тапсырманы орындау барысында халықаралық тәжірибе зерттеліп және талданады, сонымен қатар қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар дайындауда жұмыс берушілердің жаңа талаптары, білім беру бағдарламасының форматы және әзірлеу әдістемесі, бір мамандық бойынша қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасының жобасы, нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру бойынша ұсыныстар, қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасын әзірлеу және енгізу бойынша әдістемелік нұсқау дайындалды.
«Қолданыстағы типтік оқу жоспары және білім беру бағдарламасын актуализациялау бойынша қызметі» мемлекеттік тапсырмасының мақсаты байланысты (туыстас) біліктіліктер бойынша модульді-құзіреттілік тәсіл негізінде интеграциялық деңгейді ескере отырып ТжКБ мамандықтары бойынша 65 қолданыстағы типтік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламаларын актуализациялау болып табылады.
ТжКБ мамандықтары бойынша типтік оқу жоспары және білім беру бағдарламасын (ТОБ) актуализациялау 2016 жылы 65 мамандық бойынша, 2017 жылы 65 мамандық бойынша, 2018 жылы 58 мамандық бойынша, 2019 жылы 43 мамандық бойынша жоспарлануда. Осылайша актуализациялау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішінде (ҚР МЖ 05-2008) көрсетілген барлық 231 мамандықты қамтиды.
Типтік оқу жоспары және білім беру бағдарламасын актуализациялауға эксперт-қосалқыатқарушы есебінде тек қана арнайы пән оқытушыларын емес сонымен бірге жұмыс берушілер қатарынан тартылды.
Актуализацияланған оқу жоспарлары және бағдарламалары жұмыс берушілер анықтаған оқыту нәтижесіне бағытталған, ол еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес нақты жұмыс орнында қажет ететін кәсіби біліктілікті құрастыруға септігін тигізеді.