Басшылық

БЕКТҰРҒАНОВ
ӘБДІМАНАП
ЕЛІКБАЙҰЛЫ

Туған жылы: 28 тамыз 1958ж.

Ұлты: Қазақ.

Білімі: Жоғары, 1976-1981жж. С.М.Киров атындағы ҚазМУ заң факультеті, «Құқықтану» мамандығы,

2004-2006жж. Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, «Қаржы» мамандығы.

Ғылыми дәрежесі, атағы: Заң ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998),

ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі (2013).

Жұмыс тәжірибесі: 1981-1990жж. – С.М. Киров атындағы ҚазМУ ауылшаруашылық құқығы және табиғатты қорғау кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы;

1990-1997жж. – Кешкі-сырттай заң факультеті деканының орынбасары, деканы, ауылшаруашылық және экологиялық құқық кафедрасының доценті (қосымша), Заң факультетінің деканы
С.М. Киров атындағы ҚазМУ;

1997-2000жж. – Әл-Фараби атындағы ҚазМУ Экономика және құқық институты директорының орынбасары, азаматтық және кәсіпкерлік құқығы кафедрасының меңгерушісі (қосымша);

2000-2001жж. – Экономика және құқық институтының директоры Әл-Фараби атындағы ҚазМУ;

2001-2008жж. – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры;

2008-2016жж. – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекетітк университетінің ректоры;

2016 – 2020 жж. -VI шақырылым Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының «Білім беру» бағыты бойынша партиялық кураторы

Ғылыми еңбектері: 260 ғылыми еңбектерінің авторы, оның ішінде
3 монография, 3 оқу құралы, 3 халықаралық ғылыми журналдардағы мақала, Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының мәліметтері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар.

Қоғамдық жұмыстары: «Нұр Отан» Партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі, ТМД қатысушы – мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеясы Ғылым және білім бойынша тұрақты Комиссиясының мүшесі

Мемлекеттік наградалары мен басқа да марапаттары:

«Құрмет» ордені – 2005ж., «Парасат» ордені – 2011ж;

«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі – 2001ж;

«ҚР Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі – 2005ж;

«ҚР Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалі – 2006ж;

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісі – 2008ж.

«Белсенді қызмет үшін» төсбелгісі, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі бюросының қаулысы – 2010 ж.

«ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі – 2010ж;

Ахмет Байтұрсынов атындағы Алтын медаль – 2012ж.

Алматы облысының құрметті азаматы, 2012ж.

Қазақстан халқының «Бірлік» алтын медалі – 2014 ж. және т.б.

Жетістіктері:

2006 жылдың қыркүйегінде Тараз мемлекеттік университетінде Тараз декларациясына қол қойылды. Бұл құжат бірыңғай білім берудің Қазақстандағы және халықаралық білім беру қауымдастық интеграциясына алғашқы қадамы болып табылады.

2010 жылы Жетісу мемлекеттік университеті еліміздің ЖОО ішінде алғашқы болып Германиядағы халықаралық ACQUIN аккредиттеу агенттігінде алты педагогикалық мамандық бойынша аккредиттеуден өтті.

2011 жылдан бері Жетісу мемлекеттік университеті Еуразиялық университеттер ассоциациясының мүшесі, 2012 жылдан Еуразиялық университеттер ассоциациясының жекеленген мүшесі болып табылады.

2014-2015 ж. Жетісу мемлекеттік университеті Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігi (БСҚА) институционалды және 20 оқу бағдарламалары бойынша мамандырылған аккредитациядан, ACQUIN аккредиттеу агенттігінде бакалавриаттың және магистратуранын педагогика, психология; юриспруденция; экономика бағыттары 16 білім беру бағдарламалары бойынша мамандадырылған аккредитациядан өтті.

Біліктілікті көтеруі:

2003. Индиана университетімен оқу процессіне кредиттік технологияны енгізу бойынша тәжірибе алмасу.

2008. Халықаралық конференция: «Болон процессі: жоғары білім саласының модернизациясы» Болония, Италия.

2011. Жоғары оқу орындарын басқару тиімділігі. Швейцария тәжирибесі (Цюрих, Люцерн, Базель).

2012, 2013. Еуразиялық жоғары білім көшбасшыларының форумы

Халықаралық конференциясы. Назарбаев Университеті, Астана.

2013. Әкімшілік және саяси ғылымның әлемдік конгрессі. Брюссель.

2014. Арнайы бағдарлама. Жоғары білімді басқару. Бразилияның тәжірибесі (Рио де Жанейро).

2014. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары басшыларының кәсіби даму бағдарламасы. Назарбаев унивеситеті. Білім беру мектебі.

2015. Optimal servis. Білім беру менеджменті бойынша курс.

2016. «Зерде» орталығы, Еңбек заңнамасындағы жаңалықтар. және т.б.