«Жас маман» жобасына қатысу үшін 1 бос орынға конкурс жарияланады.

«Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының қатысуымен «Жас маман» жобасын іске асыру жөніндегі комиссияның бейнебайланыс арқылы отырысының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №9 хаттамасына сәйкес «Жас маман» жобасына қатысу үшін 1 бос орынға конкурс жарияланады.

ТжКБ ұйымдарынан өтінімдер мен құжаттарды қабылдауды Қағидалардың 100 – тармағына сәйкес хабарландыру берілген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде (өтінімдер мен құжаттарды қабылдаудың басталуы 03.02.2021ж. аяқталуы 24.02.2021ж.) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі-Жұмыс органы) жүзеге асырады.

Қағидалардың 97-тармағына сәйкес ТжКБ ұйымдарына қажетті құжаттар тізбесі:

– ТжКБ ұйымдарының кадрлар даярлау бейінінің 100 сұранысқа ие және жаңа мамандықтар (мамандықтар) тізбесіне сәйкестігін растау үшін лицензияның көшірмесі;

– осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес жасалған ТжКБ ұйымдарының таяудағы 5 (бес) жылға арналған стратегиялық даму жоспарының көшірмесі, оның ішінде мәлімделген кәсіптер (мамандықтар) бойынша;

– өткен үш жыл ішінде (жаңа кәсіптерді (мамандықтарды) қоспағанда) мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша ТжКБ ұйымы мен кәсіпорын (ұйым) арасындағы әріптестік туралы, оның ішінде дуалды оқыту шарттың/келісімнің көшірмесі;

– соңғы екі оқу жылында (жаңа кәсіптерді (мамандықтарды) қоспағанда) мәлімделген мамандыққа (мамандыққа) жұмысқа орналастыру бойынша ұлттық білім беру деректер базасынан үзінді;

– өндірісте жұмыс тәжірибесі бар және/немесе мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша соңғы бес жылда өндірісте тағылымдамадан өткен штаттағы педагогтердің тізімі;

– жабдықты орнату үшін жеткілікті алаңның және инфрақұрылымның болуын растау мақсатында ТжКБ ұйым ғимараттарының техникалық паспорттарының көшірмелері және жабдықты орналастыру схемасы;

– мәлімделген кәсіптер (мамандықтар) бойынша жаңа кәсіптерді (мамандықтарды) қоспағанда WorldSkills (Ворлд Скилс) чемпионаттарына қатысу туралы бұйрықтың көшірмесі;

– мәлімделген кәсіптер (мамандықтар) бойынша білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

– халықаралық жүйе стандарттары бойынша аккредиттеуден өткені туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса).

Жұмыс органы ТжКБ ұйымдарынан өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өңірлік комиссияның отырысына «Жас маман» жобасына қатысуға тілек білдірген ТжКБ ұйымдарының тізбесін бекіту үшін шығарады.

Өңірлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

Өңірлік комиссиялар шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс органдары Операторға мынадай құжаттар топтамасын ұсынады (100-тармақ):

1) «Жас маман» жобасына қатысу үшін құжаттар пакетін ұсыну туралы өтінім-хат келесі қосымшалармен:

– іріктелген ТжКБ ұйымдарының тізбесі;

– кәсіптерді (мамандықтарды) таңдау бойынша өңірдің негіздемесі (өңірлік даму басымдықтары, еңбек нарығының деректері);

– «Жас маман» жобасына қатысу үшін ТжКБ ұйымдарын таңдау бойынша түсіндірме жазба (беделі, өңірдің дамуына қосқан үлесі, келешегі).

2) Өңірлік комиссия шешімінің көшірмесі хаттамамен бірге;

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының қолы қойылған, жергілікті бюджет есебінен жабдықтар құнының 10%-на дейін жергілікті атқарушы органдарды қосымша қаржыландырудың кепілдік хаты (ТжКБ ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуға және/немесе жабдықтар үшін шығыс материалдарын сатып алуға және/немесе педагогтердің біліктілігін арттыруға және/немесе мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша шетелдік әріптестің аккредиттеу рәсімдеріне);

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың әкімі орынбасарының қолы қойылған, 5 (бес) жыл ішінде мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды растау туралы кепілдік хат.

* «Жас маман» жобасы бойынша қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 91-73-06, 91-73-07, 91-73-24