Posted on

Cisco Certified Network Associate курсы бойынша Cisco желілік академияларының нұсқаушыларын оқыту жобасын іске асыру

 

«Talap» КЕАҚ («Кәсіпқор «Холдингі») – WorldSkills Kazakhstan қозғалысының Ұлттық операторы Cisco Kazakhstan компаниясымен және «ШАГ» – Астана» Компьютерлік Академиясы» ЖШС-мен бірлесіп, Cisco Certified Network Associate курсы бойынша Cisco желілік академияларының нұсқаушыларын оқыту жобасын іске асыруда.

Оқу курсы үш бөлімнен тұрады. 2020 жылдың 5 ақпанынан бастап 12 тыңдаушы оқуды бастады. Оқудың бірінші бөлімін аяқтағаннан кейін барлық талаптарды орындаған тыңдаушылар курсты жалғастыру үшін қабылданады.

Оқу аяқталғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласында күндізгі практикум және қорытынды емтихан өткізіледі. Оқу бағдарламасын 85% – дан төмен емес сапамен сәтті аяқтаған тыңдаушылар сертификатталады, CCNA курсы бойынша нұсқаушының аккредиттеуіне және өзінің оқу орнында Cisco академиясын ашу мүмкіндігіне ие болады, яғни олар студенттерге осы курсты портал арқылы оқыту құқығы мен мүмкіндігіне ие болады netacad.com

CCNA деңгейінің біліктілік талаптары Worldskills Kazakhstan жобасының «желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігінің жалпы бағдарламасының бөлігі болып табылады, сондықтан колледждер жанынан Cisco Желілік академияларының ашылуы Worldskills Kazakhstan өңірлік және республикалық чемпионаттарына қатысу үшін студенттерді оқыту және «желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша конкурсанттарды дайындау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.