Posted on

«WORLDSKILLS KAZAKHMYS 2020» – I корпоративтік кәсіби шеберлік Чемпионаты

 

Бүгін қаласында Балқаш қаласында «WORLDSKILLS KAZAKHMYS 2020» – I корпоративтік кәсіби шеберлік Чемпионатының ашылу рәсімі өтті.

 

 

20-дан астам жас маман (22 жасқа дейінгі) WorldSkills-тің  таңдалған құзыреттілікте медаль ұтып алу мүмкіндігі үшін жарысады. Конкурсқа қатысушыларды 30-ға жуық сарапшы бағалайды.

 

                                 

 

 

Чемпионатқа қатысушылар «Дәнекерлеу технологиясы», «Электромонтаж жұмыстары», «Слесарлық ісі», «Графикалық дизайн» құзіреттіліктері күш сынасады.

 

 

«WORLDSKILLS KAZAKHMYS 2020» – I Корпоративтік кәсіби шеберлік Чемпионаты жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыруға, өндірістік және технологиялық өсуіне, кәсіби машықтың қажеттілігін демонстрациялауға және кадрлар даярлау жүйесін дамытуға ықпал етеді.

 

Жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында Чемпионатқа мектеп оқушылары, колледж студенттері, мемлекеттік органдар өкілдері, кәсіпорындар қызметкерлері мен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтері,сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар қатысады.