Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық технологияларды енгізу және іске асыру тәжірибесін жалпылау мақсатында (ТжКОБ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Кәсіпқор» Холдинг» КЕАҚ 2019 жылғы 29 қараша күні Шымкент қаласында «Инновация мен кәсіпкерлік – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы» тақырыбында республикалық семинар-практикумның өткізілуін жоспарлап отыр.
Семинар-практикумның мақсаты – білім беру және бизнестің интеграциясы негізінде ТжКОБ ұйымдары мен жетекші компаниялардың озық тәжірибесін тарату.
Семинар-практикумның пленарлық отырысында келесі сұрақтар қарастырылады:
ТжКОБ ұйымдарында модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде өзектендірілген білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесі;
IT-технологияларды оқу үрдісіне енгізу және WorldSkills стандарттарын ТжКОБ жүйесіне бейімдеу бойынша тиімді шаралары;
Қазақстанның ТжКОБ ұйымдарында кәсіпкерлік қызметін енгізу тәжірибесі;
ТжКОБ сапасын арттырудағы халықаралық ынтымақтастық пен әлеуметтік серіктестіктің тиімділігінің мысалдары;
ТжКОБ жүйесі инженерлік-педагогикалық кадрлары қызметтерінің тиімділігін арттыру мақсатында арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуда кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру.
Семинар-практикумның секциялық жұмысында колледжде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, WorldSkills қозғалысын дамыту, IT технологияларын қолданудың әлеуетті мүмкіндіктерін қарастыру, ағылшын тілін өз бетінше үйрену үшін интернет-ресурстарды қолдану әдістерін талқылау мастер-класс форматында практикалық сабақтардың өткізілуі қарастырылады.
Семинар-практикумға қатысу үшін облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру басқармаларының өкілдері, бөлімдер мен орталықтардың қызметкерлері, ТжКОБ ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлері, сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдері, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы», «Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» АҚ шақырылды.
Қосымша ақпаратты www.kasipkor.kz сайтынан, сонымен бірге«Кәсіпқор» Холдинг» КЕАҚ Оқу-тренингтік орталығының бас тренері Айбульдинова Айнур Изатовнаға +7 7172 91 73 13, +7 705 987 34 77 телефондары арқылы хабарласып алуға болады.