Posted on

Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру шеңберінде семинар өткізу.

Мемлекеттік тапсырманы іске асыру шеңберінде 2019 жылғы сәуір айының  26-да «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ ТжКОБКББ мазмұны және дамыту басқармасы туыстас біліктіліктер бойынша деңгейлік интеграциясының ескере отырып модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде 30 үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру бойынша сарапшылармен семинар өткізді.

Семинарда ТжКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі, ҮОЖ-ын өзектендірудің негізгі кезеңдері және жұмысын ұйымдастыру, білім беру мазмұнын жаңартудағы алдыңғы тәжірибе, негізгі қиындықтар мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Семинар жұмысына  ТжКБ  оқу орындарынан және жұмыс берушілер қатарынан 58 сарапшы қатысты.