Posted on

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу шеңберінде семинар өткізу.

2019 жылғы 3 мамыр күні  «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ТжКОБКББ мазмұны және дамыту басқармасы мемлекеттік тапсырманы іске асыру шеңберінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін 20 арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша сарапшылармен семинар өткізді.

Семинар барысында ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдестемелік дәйектемелер, арнайы оқу бағдарламаларын дайындаудың негізгі  кезеңдері және жұмысты ұйымдастыру, ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалар үшін негізгі мәселелер және оларды шешу жолдарының жеке ерекшеліктері талқыланды.

Семинарға ТжКББ ұйымдарынан 40 сарапшы және жұмыс берушілер қатысты.