Posted on

Аймақаралық конференция «Білім берудегі ақпараттық технологиялар»

2019 жылдың 13 мамырында  Алматы қаласында «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника» профилі бойынша ОӘБ ұйымдастырған «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» атты  аймақаралық конференциясы өтті. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде КЕАҚ «Кәсіпқор» Холдингі» басшылығымен, сондай-ақ Алматы қаласының Білім басқармасы, колледждер ассоциациясының және Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен өткізілді. Конференцияға Алматы қаласынан 25-тен астам колледждер мен Алматы облысының 20 колледжінен астам өкілдері, сондай-ақ Microsoft Қазахстан, ESET Қазахстан, «Центрсофт Академия», ЖШС BIM.kz және «КРИС-Сервис» ЖШС жетекші вендорлары қатысты.

Конференция тақырыбы цифрландыру дәуірінде өзекті, әсіресе технологиялар үнемі даму үстінде.

Конференцияның мақсаты – білім беру үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесін тарату.

Конференцияның ашылуы Алматы қаласы колледждері қауымдастығының президенті Азисханов Ж.Н.,  Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының ТжКБ бөлімінің басшысы Сулейменова Г.Ж колледж директоры және ОӘБ төрағасы Омарбеков М. А., сондай – ақ онлайн режимінде КЕАҚ «Кәсіпқор «Холдингі» стратегиялық даму және мониторинг басқармасының басшысы Татибеков С.М. құттықтау сөздерінен басталды.

Конференцияның бірінші бөлімі конструктивті диалог барысында білім берудегі ақпараттық технологияларды дамытудың негізгі тенденциялары қарастырылды:

  • Microsoft оқу процесін жүзеге асырудағы кең технологиялық шешімдерді ескере отырып, конференцияға Microsoft Қазақстан өкілі бизнес-тренер Молдақанов А. шақырылды, ол 21 ғасырдың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру туралы айтты;
  • 1С-ке негізделген автоматтандырылған жүйелер білім беруді қоса алғанда көптеген қызмет бағыттарын қолдануда танымал болып келеді. «Центрсофт Академия» оқу-ресурстық орталықтың директоры Отькало И. Қазақстандағы білім беру мекемелерінде 1С бағдарламалық өнімдерді оқытудың негізгі мүмкіндіктерін ұсынды;
  • «Білім беруді сертификаттау» атты кезекті баяндама IT мамандардың қызығушылығын тудырды, өйткені ол мамандардың білімі мен практикалық дағдыларын растауға мүмкіндік береді, сонымен қатар кәсіби дамуларын, өнімділікті және кәсіптік құзыреттілікке деген сенім деңгейін арттырады. «BIM.kz» ЖШС директоры Ким С. және «Certiport BIM.kz» ЖШС халықаралық сертификаттау жөніндегі менеджері Абдрахманова А. сөз сөйледі.

 Кез-келген білім беру ұйымының негізгі мақсаты қазіргі еңбек нарығы үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады. Болашақ маманның кәсіби шеберлігі жұмыс берушілердің талаптарына сай болуы керек. Алматы мемлекеттік Политехникалық колледжінің әлеуметтік серіктесі, «КРИС-Сервис» ЖШС бас директоры Афанасьев А. IT-маман дайындаудың жаңа технологиялары туралы баяндама оқыды.

Конференцияның пленарлық бөлімі аяқталғаннан кейін конференцияның спикерлерімен панелдік дискуссия өткізілді, онда жаңа технологиялық үрдістерге сәйкес білім беруді дамыту мәселесі талқыланды.

Конференцияның екінші бөлімінде колледж оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті:

  • Ресей Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының Омбы филиалының Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды жүзеге асырудың табысты тәжірибесі туралы Трушакова Е. онлайн режимде айтып берді;
  • Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқытушы жалпы оқу процесін басқару, ұйымдастыру және тиімділігі фактісіне назар аудару қажет. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Бейсетбаев А. білім берудегі ақпараттық менеджмент туралы айтты.
  • ОрталықАзия техника-экономикалық колледжінің оқытушысы Касенова А.жұмыс тәжірибесімен бөлісіп,  «Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында баяндама жасады.
  • Политехникалық колледждің оқытушысы Алметова Л. «Білім берудегі Microsoft» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
  • IT колледжінің оқытушысы Жақсалықов Т. «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» және «Компьютерлік ғылымдарға арналған математика» элективті курстары арнайы пәндер оқытушылары үшін ерекше мәнге ие болды.
  • Политехникалық колледждің оқытушылары Аманова Г. және Бақытбекова Ж. Learningapps.org технологиялық шешімі арқылы интерактивті модульдер арқылы оқыту мен оқу үдерісін қолдаудың практикалық шешімін ұсынды.

Конференцияның соңында спикерлер мен қатысушыларға сертификаттар берілді.