2019 жылы мемлекеттік тапсырманы орындау барысында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне келесі мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуде серіктестерді іріктеу байқауын жариялайды;
- Гидротехникалық мелиорация;
- Метрология;
- Көлік – экспедиторлық қызметтер;
- Шағын авиациялық ауа көліктерін пайдалану;
- Қолөнер өндірісі;
- Өндірістік газдарды өндіру;
- Өндірістік робототехника;
- Компьютерлік анимация;
- Шарап жасаушылық;
- Өндірілген азық-түлік өнімдерін сатудағы менеджмент;
- Шыныталшық және шыны бұйымдарының өндірісі;
- Ақпараттық ресурстарды құру мен басқару;
- Балташылық және ағашжұмыстары;
- Шатыр жұмыстары;
- Бағбандық қызмет;
- Аумақтарды абаттандыру;
- Сандық энергия желісі;
- Наноматериалдар негізінде бұйымдардың технологиясы;
- Автоматтандыру және электр жетектерінің электромеханикалық жүйелері (таза энергия, электромобильдер);
- Теміржол көліктерінің жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану;
- Дестинацияны басқару;
- Ағаш өңдеу өндірісі;
- Ыңғайландырылатын жүйелер.
Байқауға қатысу үшін оқу орындарымен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын шетелдік және қазақстандық мамандар толтырған сауалнама үлгісіндегі өтініштерін 2019 жылдың 25 наурызына дейін proposal@tvet.kz электронды поштасына жіберуді сұраймыз.