2018 жылғы 30 қарашада Астана қаласында «Kәсіпқор» холдингі «Қазақстандағы Туриндік процесс» зерттеуін қорытындылау бойынша дөңгелек үстел өткізді .
Дөңгелек үстелге ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру ( ҚР БжҒМ ТжКБ) департаментінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің, Еуропалық Білім қорының (ЕБҚ), ҚР ҰКП «Атамекен»нің, халықты жұмыспен қамту орталығының, «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының, Астана қаласындағы Білім беруді жаңғырту орталығы мен 12 аймақтың өкілдері және Қостанай облысының өкілі қатысты( «Қазақстандағы Туриндік процесс» зерттеуінің ұсынымдарын орындау жоспарын жүзеге асыру аясында).
Дөңгелек үстел басында ҚР БжҒМ ТжКБ департаментінің әріптестік және халықаралық жобалар басқармасының басшысы Р. Ширгатова алғы сөз сөйледі.
Кәсіпқор «Холдингі «КЕАҚ» стратегиялық даму және мониторинг басқармасының басшысы Татибеков С. М. 2018 жылғы аймақтық деңгейде «Қазақстандағы Туриндік процесс» зерттеуі бойынша өткізілген іс-шараларды айтып өтті.
ЕБҚ-ның аға сарапшылары Кристин Хемшемайер және Михаил Милованович Туриндік процестің 4 қағидасы бойынша «Қазақстандағы Туриндік процесс» зерттеуін жетілдіру мақсатында топтық пікірталас ұйымдастырды.
ЕБҚ-ның аға сарапшысы Кристин Хемшемайер «Идеядан өзгеріске дейін» атты презентациясын көрсете отырып, аудиторияға білім саласындағы өзгерістерге ықпал ететін факторлар туралы айтты және – ұсыныстарды орындаудың 8 элементімен таныстырды.
Бас менеджер С.Тусенова 2018 жылғы «Қазақстандағы Туриндік процесс» зерттеуінің негізгі бағыттарының қорытындыларын ұсынды. Негізгі бағыттар бойынша анықталған проблемаларды талқылау үшін топтық жұмыс жүргізілді.
«Цифрландыру және IT – құзыреттілікті дамыту» бағыты бойынша Павлодар және Ақмола облыстарының ТжКБ бөлімдерінің бас мамандары Сюендыкова Г. Д. және Сайлаубеков Р.К., өз аймақтарындағы ТжКБ жүйелеріндегі оң тәжірибелерімен бөлісті.
Сюендыкова Г. Д. өз өңірінің цифрландыру жобаларымен бөлісті, сондай-ақ Павлодар облысының өтініш берушілер порталын ұсынды.Бұл порталда үміткерлер аймақты, колледжді, мамандықтарын таңдай алады және салыстыру батырмасын басқаннан кейін таңдалған параметрлерді қанағаттандыратын колледждердің тізімі пайда болады және өтініш беруші колледждерді қызықтыратын мәселелер бойынша салыстыра алады.
Сайлаубеков Р.К. аймақтағы АТ-орталығының ашылуы туралы, Ақмола облысындағы колледждерде қолданылатын автоматтандырылған жүйелер туралы, сондай-ақ робототехника үйірмесі туралы айтып берді.
Астана қаласының Білім Басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Басыгараева Б.С. және О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау өндірістік-техникалық колледжінің әдіскері Ф.Д. Салкынбаева «Кәсіпкерлікті дамыту негіздері» бағыты бойынша баяндама жасады. Салкынбаева Ф.Д. аймақта «Кәсіпкерлікті дамыту негіздері» факультативтік курсының бағдарламасы әзірленіп, колледждердің осы бағытта қалай жұмыс істейтіні туралы әңгімелеп берді.
Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша эксперименталды оқу бағдарламаларын енгізу тәжірибесі туралы ШҚО ТжКБ орталығының директорының орынбасары Кездикбаева Л.Т. мен Алматы облысының әдістемелік кабинетінің әдіскері Исаханова Ш.К. айтып берді.
«Инклюзивті білім беру» бағыты бойынша Түркістан облысы Білім беру басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Дүйсебаева Ж.Ж. өз тәжірибесімен бөлісті.
Қостанай облысының өкілі Нуркина А.С. пилоттық аймақтардағы «Қазақстандағы Туриндік процесс» зерттеуі бойынша ұсынымдарды орындау жоспарының орындалуы туралы презентацияны жасады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ұсыныстардың жобасын әзірлеп, талқылап, ұсынды.
Стратегиялық даму және мониторинг басқармасының басшысы С.Т.Татибеков дөңгелек үстелдің қорытындысын жасады және барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырды.