«Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ 2018 жылдың 4 – 7 қазан аралығында Түркістан қаласындағы № 21 колледжде техникалық және кәсіптік білім жүйесінің саясатына талдау жасау және оның күшті, әлсіз жақтарын анықтау мақсатында «Қазақстандағы Туриндік процесі» зерттеуінің аясында іс-шаралар өткізді.
Ағымдағы жылдың 4 қазанында зерттеудің жұмыс тобымен (Білім беру басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасы, статистика департтаменті өкілдері) және өңірдің ТжКБ директорлар Кеңесінің өкілдерімен зерттеудің міндеттері мен мақсаттарын және оның аналитикалық шеңбері мен ұстанымдарын, сандық және сапалық ақпараттарды жинау және талқылау бойынша кездесу өткізілді. Сонымен қатар, кездесу барысында іс-шараны ұйымдастырып өткізу кезеңдері қарастырылды.
5 қазанда Түркістан қаласындагы № 21 колледж базасында «Қазақстандағы Туриндік процесі» зерттеу шеңберінде, жоба координаторлары, «Кәсіпқор» холдингі өкілдері – Алпысбаева Г., Тусенова С. және Тлеубергенова А. «Қазақстандағы Туриндік процесі» (Түркістан облысы) тақырыбындағы семинар өткізді.Семинарға келесі мекемелерінің өкілдері қатысты:
– Түркістан облысының Білім басқармасы;
– Жергілікті кәсіпкерлер палатасы;
– Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;
– Аумақтық статистика департаменті;
– Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті;
– Халықты жұмыспен қамту орталығы;
– «Өрлеу» БАҰО аймақтық филиалы
– «Нұр Отан» партиясы филиалы;
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Стратегиялық даму және мониторинг басқармасының бас менеджері Тусенова С. өңірлік деңгейдегі «Туриндік процесс» зерттеуінің негізгі мақсаттары және міндеттерімен таныстырды.
Аудитория зерттеудің төрт қағидаларымен таныстырылды:
1) мүдделі қатысушы-елдер өкілдерінің зерттеуге қатысу және жауапкершілік алу;
2) мүдделі тараптардың «Туриндік процесс» зерттеуіне белсене қатысуы;
3) ТжКБ жайлы халық арасында жалпылай түсінік қалыптастыру;
4) нақты мәліметтер негізінде және білім негізінде бағалау жүргізу
Семинарға қатысушылар аналитикалық шеңберге (бұдан әрі – AШ) сәйкес келесі тақырыптық блоктар бойынша (А+Е, В, С және D блоктары) жұмыс істеді (өңірдің ТжКБ жағдайын қарастыратын сұрақтар таратылды):
АШ сұрақтары келесі тақырыптық блоктарды қамтыды:
– «А» – ТжКБ шолу және даму бағыты;
– «В» – Экономикалық сұраныс және еңбек нарығының сұранысы;
– «С» – Демографиялық, әлеуметтік және инклюзиялық сұраныс;
– «D» – ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі;
– «Е» – ТжКБ жүйесінің саясаты және басқаруы.
Топтық жұмыс нәтижелері топтың қатысушыларымен өз ойларын флипчартқа түсіру арқылы ұсынылды.Талқылау өткізіліп, басқа топтар қатысушыларының презентацияларына толықтырулар енгізілді.
«А және Е» блокта ТжКБ заңнамалық аспектілерді талдап, олардың колледждерде білім алу үрдісіне әсерін бейнеледі. ТжКБ жүйесінің саясатын қалыптастыруда Алматы қаласының рөлін көрсететін фактілер айқындалды.
«В» блогын «Еңбек нарығының сұранысы және ТжКБ жүйесі». Дуалды оқыту жүйесін енгізу, кәсіпкерлік дағдыларды оқыту, кәсіби бағдарлау жұмысын ұйымдастыру талқыланды.
«С» блогы-«Демографиялық, әлеуметтік және инклюзиялық сұраныс» жайлы сұрақтарды қамтиды. Спикерлер ТжКБ жүйесіне инклюзивті білім беруді енгізу туралы, қолжетімділігі және кәсіптік білімнің мәртебесі туралы сөз қозғады.
«D» блогы «ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі».ТжКБ жүйесінде және қоғамда «Педагог» мамандығының беделі, колледждердің ИПЖ біліктілігін арттыру, колледждердің аккредитацияға дайындығы, мәселелері және оларды шешу жолдары туралы сұрақтар талқыланды.
Семинардың қорытындылары шығарылып, қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалды.
Дәйекті ақпаратты толықтыру мақсатында колледждердің әлеуметтік серіктестіктерімен, жұмыс берушілерімен, директордың оқу – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларымен, ағылшын тілінде сабақ беретін арнайы пән оқытушыларымен, «Кәсіпкерлікті дамыту негіздері» курсын жүргізетін оқытушыларымен, қызметінде IT-технологияларды қолданатын өндірістік оқыту шеберлерімен және колледждің бітіруші курс студенттерімен фокус-топтар кездесулер өткізілді.