«Кәсіпқор» Холдингі КЕАҚ 2018 жылдың 27 – 29 маусым аралығында Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан гумантарлық колледжінде өңірдің техникалық және кәсіптік білім жүйесінің саясатына талдау жасау және оның күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында «Қазақстандағы Туриндік процесі» зерттеуінің аясында іс-шаралар өткізді.
Өңірлік «Қазақстандағы Туриндік процесі» зерттеуінің жұмыс тобымен және Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі Кеңестің директорымен 2018 жылда жүргізілетін зерттеудің міндеттері мен мақсаттарын және оның аналитикалық жиегі мен ұстанымдарын, сандық және сапалық ақпараттарды жинау және талқылау бойынша кездесу өткізілді. Кездесу барысында сонымен қатар іс-шараны ұйымдастырып өткізу кезеңдері қарастырылды.
Сонымен қатар, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, шағын, орта және үлкен кәсіпкерлер өкілдерімен, жұмыс берушілермен және колледждің әлеуметтік серіктестіктерімен диалог өткізілді. Диалог барысында студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту, ағылшын тілін білетін және IT-құзыреттілікті меңгерген мамандардың қажеттілігі және сандық жүйеге көшу бойынша сұрақтар талқыланды.
Ағымдағы жылдың 29 маусымында мүдделі тараптармен (білім басқармасының, Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасының, статискиа департаментінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, «Нұр Отан» партиясының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, колледж басшылары, басшы орынбасарлары, оқытушылар, өндірістік оқытушылар шебері және әлеуметтік педагог) семинар өткізілді. Семинар қатысушылары аналиткалық шеңбер бөлім аясында жұмыс жасады.
– ТжКБ жүйесіне шолу. Басқару мен қаржыландыру;
– Экономикалық прогреске арналған ТжКБ жүйелерінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
– ТжКБ жүйесіндегі ішкі тиімділік, әлеуметтік және инклюзивтік білім беру және еңбек нарығымен өзара әрекеттесуінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
– ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі.
Қатысушылар саны 29 адам. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.
Дәйекті ақпаратты толықтыру мақсатында директордың оқу – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларымен, ағылшын тілінде сабақ беретін арнайы пән оқытушыларымен, «Кәсіпкерлікті дамыту негіздері» курсын жүргізетін оқытушыларымен, қызметінде IT-технологияларды қолданатын өндірістік оқыту шеберлерімен және колледждің бітіруші курс студенттерімен фокус-топтар жұмысы өткізілді.
Аналитикалық шеңбер аясында топтық жұмыс
Сертификат тапсыру