«Кәсіпқор» Холдингі КЕАҚ 2018 жылдың 12 – 14 маусым аралығында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде «Қазақстандағы Туриндік процесі» зерттеуінің аясында кездесулер, фокус топтар және семинар өткізілді.
Ағымдағы жылдың 12 маусымда жұмыс тобымен (Білім басқармасы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы, Статистика департтаменті өкілдерімен және колледж директорының орынбасарлары) және Директролар Кеңесімен 2018 жылда жүргізілетін зерттеудің міндеттері мен мақсаттарын және оның аналитикалық жиегі мен ұстанымдарын, сандық және сапалық ақпараттарды жинау бойынша талқылау кездесу өткізілді.
Сол күннің екінші жартысында шағын, орта және үлкен кәсіпкерлер мен аймақтық палатаның өкілдерімен диалог өткізілді.Диалог барысында студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту, ағылшын тілін білетін және IT-құзыреттілікті меңгерген мамандардың қажеттілігі және сандық жүйеге көшу бойынша сұрақтар талқыланды.
Ағымдағы жылдың 13 маусымында мүдделі тараптармен семинар өткізілді. Семинар қатысушылары аналиткалық шеңбер бөлім аясында жұмыс жасады.
ТжКБ жүйесіне шолу. Басқару мен қаржыландыру;
- Экономикалық прогреске арналған ТжКБ жүйелерінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
- ТжКБ жүйесіндегі ішкі тиімділік, әлеуметтік және инклюзивтік білім беру және еңбек нарығымен өзара әрекеттесуінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
- ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі.
Әр бөлімде ТжКБ қызметінің келесі стратегиялық бағыттары қарастырылған: Олар: еңбек нарығы мен білім беру қызметінің әрекеттесуі, әлеуметтік инклюзия мен өңірдегі демографиялық жағдай, ТжКБ мәртебесі мен тартымдылығын арттыру, студенттер арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту, сандық жүйеге көшу, арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту және т.б.
Дәйекті ақпаратты толықтыру мақсатында 14 маусымда директордың оқу – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларымен, ағылшын тілінде сабақ беретін арнайы пән оқытушыларымен, «Кәсіпкерлікті дамыту негіздері» курсын жүргізетін оқытушыларымен, қызметінде IT-технологияларды қолданатын өндірістік оқыту шеберлерімен және колледждің бітіруші курс студенттерімен фокус-топтар жұмысы өткізілді.
Дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.