Posted on

Қазақстан және Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамыту

2

Жоғары білікті мамандарды даярлау барысында Қазақстан және Ресей арасындағы екі жақты қарым-қатынасты дамыту мақсатында 2016 жылдың 26 қазанында  «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, «Челябинский трубопрокатный завод» Қоғамдық акционерлік қоғамы (ЧТПЗ) ж»не «KAZENERGY» ЗТБ серіктестік туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Меморандум «ҚазМұнайГаз» АҚ базасында бекітілді (Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17).

Аталған құжат тараптар арасындағы стратегиялық сипатты бекітеді және металлургия мен мұнай-газ саласы үшін жұмысшы мамандарын даярлау саласында серіктестіктің басты бағыттарын бекітеді және серіктестіктің негізгі тапсырмалары мен үлгілерін анықтайды.

Басты тапсырмасы «ҚаМұнайГаз» АҚ базасында жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан бірлескен өндірістік-білім полигоны жобасының аясында мамандарды даярлаудың үздік әдістемелерін енгізу және адаптациядан өткізу болып табылады.

Сонымен қатар, тараптар білім саласындағы мемлекеттік-жеке серіктестіктің (МЖС) үздік тәжірибесін шоғырландыру, оқытудың модульдік бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, өндіріс орындарындағы жұмысшы мамандарына деген сұранысты жобалау мен мониторинг жасау бойынша серіктестіктің дамуына жоғары қызығушылық артуда.

Отдельным направлением должно стать участие в движении WorldSkills қозғалысына қатысу жеке бағыт болуы тиіс – «ЧТПЗ» тобы қозғалыстың ассоцияланған мүшесі ретінде, бірінші кезекте жыл сайын өтетін корпоративтік чемпионат алаңына, сайыстар мен чемпионаттарға қатысуға Қазақстанның дарынды студенттерін тартуға қолдау көрсетеді.

Тараптар сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің қоғамдық маңыздылығы бар іс-шараларына, біріккен жұмыстар жоспарымен және нәтижелерімен сарапшы бірлестіктерге таныстыру, оларға презентация жасау және талқылау масатында, бірге қатысуға келісті.