Posted on

Қазақстан колледждерінің рейтингісін енгізу

3

Оқу орнын таңдауда біз неге сүйенеміз? Таныстарымыздың пікіріне, оқу орнының дәрежесіне және беделіне, сонымен қатар рейтингіне сүйенеміз. Білім беру ұйымдарын саралау тарихи XIX ғасырдан бастап жоғары оқу орындарының рейтингісін құрудан бастап Америка Құрама Штаттарынан басталғанын білесіз бе? XX ғасырдың аяғында «US News&World Report» журналы өздерінің рейтинг қызметін кеңейтті және біртіндеп басқа білім беру дәрежелерін қоса бастады, сонымен қатар колледжде енді.

Қазақстанда соңғы жылдары білім беру сапасын бағалау мәселелеріне көп көңіл бөлуде, ерекше кәсіптік-техникалық білімге назар аударылуда. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ТжКБ саралау жүйесін әзірлеу бойынша жұмыстарды бастап кетті. Колледждерді саралау жүйесі:

– колледж қызметкерлерін тұрғындарға сапалы және оқу қызметтерін ұсынуға ынталандыруды;

– колледждерді қаржыландыру айқындылығы мен объектілігін;

– бәсекелестік негізінде қосымша қаржыландыру механизмін құруды;

– ТжКБ жүйесін дамыту және жай-күйі туралы мәліметтер базасын құруды;

– ТжКБ қызметтеріне сұранысты ынталандыру және үздік практиканы анықтау үшін ақпараттық және сараптамалық негізді құру арқылы ТжКБ жүйесін дамытуға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.