2016 жылдың 4 қазанында «Кәсіпқор» холдингі» қызметкерлерінің British Council Қазақстандағы өкілдері арасында кездесу өткізді. Британ білім беру жүйесіне және мәдениетіне жол ашатын British Council үздік халықаралық ұйымы Қазақстан үшін “Vocational Education and Skills” арнайы интернет-журналы жобасын әзірлеуде.
Әлемге танылған журнал кәсіптік-техникалық білім жүйесінің менеджерлері, оқытушылары және басқа да қатысушыларының жинаған тәжірибесімен және үздік практикаларымен бөлісуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде интернет-журналдың бірінші нөмірін шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2016 жылдың қазан айының соңында алғашқы нөмері жарияланады.
Сонымен қатар кездесу барысында «Кәсіпқор» және British Council серіктестігі аясында қазақстандық колледждердің менеджерлері мен оқытушыларының және студенттерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған мәселелер талқыланды. Қазақстандық және Ұлыбритания колледждері арасында серіктестікті орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Холдинг Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының өкілдерін және қызығушылық артқан басқа да адамдарды интернет-журнал материалдарын дайындауға шақырады. Бұл ТжКБ беру ұйымдарына жақсы мүмкіндік, яғни олардың басқа мемлекеттердегі әріптестерімен қарым-қатынасты күшейтуге және халықаралық аренада өзін көрсетуге мүмкіндік береді.
Журналдың болжамды баспасымен: http://www.britishcouncil.rs/en/programmes/education/vocational/magazine-five сілтемесі арқылы таныса аласыз.