Posted on

Шетелдік білім беру бағдарламаларын құрастырушы-сарапшының қазақстандық құрастыру авторлардың бірге жұмысын ұйымдастыру

2016 жылдың 19-21 қыркүйек аралығында «0601000 – Стандарттау, метрология және сертификаттау», «0502000 – Телекоммуникация құралдары және тұрмыстық техникаға қызмет көрсету және жөндеу (сала бойынша)», «1413000 – Темір бетон және металл өнімдерін өндіру», «1302000 – Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын құрастырушы авторлардың қатысуымен дөңгелек үстел жүргізілді. Дөңгелек үстел білім беру бағдарламаларын әзірлеу барысында талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Құрастырушы авторлар білім беру бағдарламаларының жобаларын ұсынды. Дөңгелек үстел жұмысы нәтижесі бойынша барлық қызығушылық артқан қатысушылардың қатысуымен дөңгелек үстел ұсыныстары әзірленді;
26 қыркүйек және 3 қазан аралығында қазақстандық құрастырушы авторлармен Dudley college (Ұлыбритания) өкілі Сноудона Рид – шетелдік құрастырушы-сарапшымен кездесу өткізілді. Іс-сапар мақсаты: шетелдік білім беру бағдарламаларын құрастырушы-сарапшының қазақстандық құрастыру авторлардың бірге жұмысын ұйымдастыру:
– 26 қыркүйекте Ақтөбе қ. «Стройдеталь» ЖШС кәсіпорны базасында «1413000 – Темір бетон және металл өнімдерін өндіру» мамандығы бойынша әзірлеушілерімен кездесу өткізді;
– 28-29 қыркүйек аралығында Қостанай қаласының политехникалыұ колледжі және тұрмыстық сервис колледжінің базасында «0601000 – Стандарттау, метрология және сертификаттау», «0502000 – Телекоммуникация құралдары және тұрмыстық техникаға қызмет көрсету және жөндеу (сала бойынша)» мамандықтары бойынша құрастырушылармен жұмыс кездесулері өткізілді;
– 3 қазанда Өскемен қаласында политехникалық колледж базасында «1302000 – Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)» мамандығы бойынша құрастырушылармен кездесу өткізілді;
29 қыркүйек және 7 қазан аралығында қазақстандық құрастырушы авторлармен «Dreberis» (Германия) өкілі Ян Бах – шетелдік құрастырушы-сарапшымен кездесу өткізілді. Іс-сапар мақсаты: шетелдік білім беру бағдарламаларын құрастырушы-сарапшының қазақстандық құрастыру авторлардың бірге жұмысын ұйымдастыру:
– 29 қыркүйекте Холдинг базасында «1225000 – Ет және ет өнімдерін өндіру (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша жұмыс тобы жұмыс жасады;
– 30 қыркүйекте Қостанай қаласының политехникалық колледжі базасында «1518000 Электрификация және ауыл шаруашылығын автоматтандыру» мамандығы бойынша жұмыс тобы жұмыс жасады;
– 7 қазанда Алматы қаласының Алматы құрылыс-техникалық колледжі базасында «141400 –Жиһаз өндірісі» мамандығы бойынша құрастырушылармен жұмыс кездесуі болды;
– 8 қазанда Холдинг базасында «1504000 – Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша жұмыс тобы жұмыс жасады.