Posted on

ТжКОБ Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасымен ұйымдастырылған іс-шаралар бойынша ақпарат

ТжКОБ Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы мемлекеттік тапсырыс талаптарына (20.06.2016ж. №153/гз келісім-шарты) сай Техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі – ТжКБ) саласында білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесі бар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім және/немесе жоғары білім беру ұйымдарының қазақстандық және үздік шетелдік ұйымдарын тарту арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің сегіз мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде төмендегі жұмыстар атқарылды:

  • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін сұранысқа ие мамандықтар анықталды;
  • Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге отандық және шетелдік серіктестерді тарту үшін іріктеу жүргізілді. Халықаралық серіктестерді (сарапшы-қосымша құрастырушы) іріктеу үшін LD DIDACTIC Group (Германия); Dreberis (Германия); TVET UK (Ұлыбритания); Pearson (Ұлыбритания); Dudley college (Ұлыбритания); Warwickshire College (Ұлыбритания); Regionaal Opleidingencentrum (ROC) Mondriaan (Недерланды); Jyväskylän ammattikorkeakoulu (JAMK) (Финляндия); Technical and Further Education (TAFE) (Аустралия); Institute of Technical Education (ITE) (Сингапур) шетелдік компаниялары мен білім беру ұйымдарына қажетті құжаттар (техникалық спецификация және қызмет құны көрсетілген сұраным нұсқасы) жіберілді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша қазақстандық серіктестерді (сарапшы-қосымша құрастырушы) іріктеу үшін «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін 2016 жылға арналған ТжКБ мамандықтарының тізіміндегі» мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүргізіп жатқан, ТжКОБ, жоғары білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізілді. Серіктестерді (сарапшы-қосымша құрастырушы) іріктеу туралы ақпарат іріктеудің потенциалды қатысушыларына шақыру-хат ретінде жіберілді;
  • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру мақсатындағы іс-шаралардың жоспар-кестесіне сай 2016 жылдың 20-21 шілде аралығында білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша 2 күндік оқыту семинары жүргізілді. Семинарға ҚР БҒМ өкілдері, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қызметкерлері, ТжКБ, жоғары білім беру ұйымдарының сарапшы-қосымша қатысушылары және жұмыс берушілер қатысты. Оқыту семинары қазақстандық мамандардың сарапшы-қосымша құрастырушыларына қойылатын тапсырмалар туралы шетелдік сарапшылардың қатысуымен білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі модульдік-құзыреттілік тәсілдің басты ерекшеліктерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
  • 2016 жылдың 31 тамыз және 02 қыркүйек аралығында шетелдік құрастырушы – сарапшы «Dreberis» (Германия) өкілі Ян Бахтың  қатысуымен дөңгелек үстел жүргізілді. Сонымен қатар дөңгелек үстелге «1518000 – Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру», «1504000 – Фермер шаруашылығы (бейін бойынша)», «1225000 – Ет және ет өнімдерінің өндірісі (түрлері бойынша)», «141400 – Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша қазақстандық құрастырушы-сарапшылар және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстел білім беру бағдарламаларын әзірлеудің барысын талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Бах мырза «DREBERIS» компаниясы және өзі жайлы, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-мен серіктестік туралы айтып берді. «Модуль» және «Пән» түсініктерін анықтап, олардың өзара ерекшеліктерін түсіндірді. Қазақстандық сарапшы-құрастырушылар әзірленген білім беру бағдарламаларының жобасын ұсынды. Дөңгелек үстел жұмысының нәтижелері бойынша модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар берілді. Дөңгелек үстел жұмысының нәтижелері бойынша қызығушылық артқан тараптар дөңгелек үстел ұсыныстарын әзірледі;

19-21 қыркүйек аралығында аралығында шетелдік құрастырушы – сарапшы Dudley college (Ұлыбритания) өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел жоспарлануда.