Posted on

Колледждердің рейтинг жүйесі – ТжКБ жүйесін жетілдіруге бағытталған жол.

photo_2016-10-03_16-54-33

Техникалық және кәсіптік білім инветициялық саясаттың негізгі бағытттарының бірі болуы керек, сонымен қатар білім беру қызметтерін ұсынудағы сапалық пен қолжетімділік мазмұнын жоғалтпай, ұлттық экономиканың мамандарға деген ағымдағы және болашақтағы сұранысты максималды қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. ТжКБ жүйесінің қолжетімділік пен сапасы көрсеткіштерінің бірі ТжКБ беру ұйымдары қызметінің жалпы бағасы және олардың рейтинг жүйесіне енуі. Бұл ТжКБ беру ұйымдарының мықты және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.

2014 жылы «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ колледждердің рейтинг жүйесін құру әдістемесін әзірледі және қазіргі күні әдістемені апробациядан өткізу қажеттілігі туындап отыр. Холдинг 2017 жылы ТжКБ беру ұйымдарына рейтингті енгізуді жоспарлауда.

Рейтинг ТжКБ беру ұйымдарының арасындағы бәсекелестікті тудырады. Білім саласындағы мемлекеттік органдар үшін рейтинг көрсеткіштер жүйесі ҚР білім жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдаудың негізі болып табылады.

Бірінші кезекте жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдар сарапшылары тарапынан жасалған ұсыныстарды есепке ала отырып ТжКБ беру ұйымдарының рейтингі жүйесінің моделі жасалатын болады. Одан кейін колледждерді саралау және апробация үшін пилоттық өңірлерді анықтау бойынша оқыту жүргізілетін болады.

Нәтижесінде ҚР колледждерінің қызметіне тиімді тәуелсіз бағалау жүйесін жүргізу қорытындысы бойынша баға қойылған колледждердің электрондық базасы құрастырылатын болады.

ҚР БҒМ рейтингтік тәсіл әдістемесі көрсеткіштері бойынша ТжКБ беру ұйымдары қызметтерін бағалап, әр колледжге рейтинг тағайындайды. ҚР БҒМ мемлекеттік тапсырысты тағайындау, адам басын қаржыландыру кезінде, сонымен қатар колледждердің МТБ ұамтамасыз ету мүмкіндігін есепке ала отырып, дайындау бағыттары бойынша колледждерді саралау жүргізілетін болады.

Саралау дайындау бағыты бойынша  ҚР қандай колледжі үздік екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыста аталған бағыт бойынша алдыңғы қатардағы мемлекеттердің үздік тәжірибелері қолданылатын болады.

Құрметті әріптестер, жұмыс берушілер, студенттер, ата-аналар, БАҚ өкілдері, сонымен қатар қызығушылық артқандар аталған Жобаны белсенді талқылауға шақырамыз! Сіздердің ұсыныстарыңызды мен пікірлеріңізді akatyetova@tvet.kz электрондық поштаға жіберуге болады, олар концепцияны дайындауда есепке алынатын болады.