2017 жылдың 20 – 24 қараша аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ (одан кейін – Холдинг) Кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен Холдингтің 106 штаттан тыс тренерлеріне арналған «ТжКБ жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарына сәйкес, педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға арналған біліктілік арттыру курстарының оқу бағдарламаларын әзірлеу» атты оқыту семинары өткізілуде.
Оқыту семинарының мақсаттары:
1) штаттан тыс тренерлердің оқу-тақырыптық жоспар және оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша практикалық білімі, қабілеттері мен кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
2) ТжКБ мекемелерінің білім беру мазмұнын жаңарту.
Оқыту семинары барысында тренерлік құзыреттіліктерді дамытуға, практикалық сабақтардың құрылымы мен моделін жобалауға көп назар аударылады.
Сондай-ақ, Холдингтің штаттан тыс тренерлері белсенді түрде ТжКБ жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарына сәйкес, педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға арналған біліктілік арттыру курстарының 10 жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.