24 қарашада Қазақ бас архитектуралық-құрылыс академиясы базасында ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, «Кнауф Гипс Қапшағай. ДЭГ қатысуымен кәсіпорын» ЖШС «Білікті мамандарды даярлаудағы өндірістік оқыту шеберлерінің рөлі мен орны» атты республикалық семинар-жиналыс өткізіледі.
Семинар-жиналыс жұмысына Қазақстанның түпкірінен келген 110 адам қатысу жоспарлануда: Астана мен Алматы ққ., облыстардың Білім басқармаларының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, құрылыс саласы ассоциациясының, облыстардың кеңес директорларының өкілдері, колледждер директорлары, өңірлердің ең үздік өндірістік оқыту шеберлері, әлеуметтік серіктестер.
Семинар-жиналыс мақсаты: техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі оқытудың екі деңгейлі моделін жүзеге асыру шартында өндірістік оқыту шеберлерінің заманауи рөлі мен орнын талқылау.
Тапсырмалары:
– модульдік-құзыреттілік тәсіл кезінде оқыту процесіндегі кәсіби дайындаудың маңызы;
– өндірістік оқыту шеберлерінің алдыңғы қатардағы педагогикалық тәжірибесімен алмасу және жинақтау;
– ең үздік өндірістік оқыту шеберлерінің жұмысын тарату;
– өндірістік оқыту шеберлерінің тиімді қызметін арттыру жолдары.
Жұмыс барысының I жартысында 2 панелді сессия жүргізіледі:
- «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім» жобасын жүзеге асыруда өндірістік оқыту шеберінің рөлі.
- Өндірістік оқытуды оқу-әдістемелік алып жүру.
«Ең үздік өндірістік оқыту шеберлері» атты видеоролик көрсетілетін болады.
Жұмыс күнінің II жартысында қатысушылар екі топқа бөлінеді:
- Қазақ бас архитектуралық-құрылыс академиясы базасында оқу-әдістемелік бірлестік отырысы болады;
2.Алматы құрылыс-техникалық колледж базасында 3 мастер-класс өткізіледі:
– «Ғимаратты және құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша;
– «Дәнекерлеу ісі (түрлер бойынша)» мамандығы бойынша;
– «Жиһаз өндірісі (түрлер бойынша)» мамандығы бойынша.
Республикалық семинар-жиналыс қорытындысы бойынша өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық қызметінің мәртебесін арттыру бойынша, өндірістік оқыту бойынша нормативтік-құқықтық базаны жандандыру бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.
Сіздерді көруге қуаныштымыз!
Жауапты адамдар:
ҚазГАСА жанындағы колледж директоры – Сейдуллаева Гүлжан Абуталиповна
+7 (727) 3096174, +77026316041
ЦПКиСО ҚазГАСА координаторы – Каирова Алмагуль Махмутовна
+7 (727) 3096248, +77028443681
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ бас менеджері Қойлыбаева Сауле Айтбековна
+7(717)2794554,+77014663255
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ бас менеджері Шарипова Кымбат Каиркеновна
+7(717)2794582,+77071181622