Posted on

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2017 жылдың 21 қарашасында «Дуалды оқыту: үздік практика, трендтер мен стратегиялар» атты халықаралық конференция өткізеді

Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып дуалды оқытуды енгізу бойынша тәжірибені тарату және жинақтау үшін «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2017 жылдың 21 қарашасында «Дуалды оқыту: үздік практика, трендтер мен стратегиялар» атты халықаралық конференция өткізеді.

Конференция жұмысына халықаралық серіктестердің (Германия, Ресей), ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР «Атамекен» ҰКК, жұмыс берушілердің және ТжКБ беру ұйымдарының өкілдері қатысатын болады.

Дуалды оқытудың элементтері Қазақстанға 2012 жылдан бастап енгізілуде. Дуалды оқытуды енгізу жылдары практикаға бағытталған білімді қолдану тәжірибесі жинақталды. Дуалды оқытуды жалпы көлемде енгізу бірнеше өзекті сұрақтарды шешуді талап етеді.

Аталған сұрақтарды қарастыру үшін үш дискуссиялық сессияда баяндама жасау және талқылау жоспарлануда:

  • Дуалды оқытуды дамытудың жаңа бағыты;
  • Жаңа форматтағы мамандарды даярлауға қойылатын талаптар;
  • Дуалды оқытудың үздік практикасы.

Конференция қатысушылары «Қазақстан Алюминий» АҚ, «ТНК КАЗХРОМ» АҚ өндірістік алаңдарында студенттерді практикалық оқыту барысына қатысуы; аталған компаниялармен жұмыс жасайтын колледждердің базасымен танысуы жоспарлануда.

Колледждердің тәжірибесін тарату және тиімді тәлімгерлік бойынша мастер-класстар жүргізіледі, сонымен қатар төмендегі тақырыптар бойынша әдістемелік семинарлар жүргізіледі:

  • «Дуалды оқытуды енгізу үшін өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мүмкіндіктері»;
  • «Дуалды оқыту шеңберінде өндіріс орындарындағы тәлімгерлік»;
  • «Жұмыс орнындағы оқыту. Дуалды оқытуды қаржылай және қаржылай емес ынталандыру».