Posted on

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған білім беру бағдарламалары негізінде Қазақстан Республикасының экономика салаларына білікті мамандарды дайындау» тақырыбындағы аймақтық семинар-практикумның өткізілуі туралы пресс- релизі

Семинар –практикум КЕАҚ «Кәсіпқор» Холдингі» ұйымдастыруымен МҚКК «И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің» базасында техникалық және кәсіптік білім беру (әрі қарай -ТжКБ) ұйымдарында инновациялық білім беру технологияларын еңгізу және жүзеге асырудың отандық және шетелдік тәжірибелерімен алмасу және жалпылау мақсатында өткізілді.

Семинар-практикумның жұмысына Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің, Қызылорда облысының білім басқармасының, КЕАҚ «Кәсіпқор» холдингінің», 10 үздік колледждердің, Қызылорда облысының ТжКБ ұйымдарының, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының, Қызылорда облысының ауылшаруашылық басқармасының, Ы.Жахаев атындағы қазақ-күріш ғылыми-зерттеу институтының өкілдері қатысты.

Семинар-практикумның мақсаты:

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, модульді-құзыретті тәсілде негізделген, интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асырудағы озық педагогикалық тәжірибені қорыту (бұдан әрі – ТжКБ);
  2. ТжКБ ұйымдарында жаңартылған білім беру технологияларын оқыту процесіне енгізудің практикалық тәжірибесімен алмасу;
  3. Бизнес және білімді интеграциялау негізінде Қазақстан экономикасының салаларына кадрлар даярлауда әлеуметтік әріптестіктің рөлі

Семинар қатысушыларының баяндамаларында ТжКБ ұйымдарында интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлеудің тәжірибелік дағдыларын жасау; инновациялық білім беру әдістерін, тәсілдерін және технологияларын енгізіду жүйелеу; ТжКБ жүйесінің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру және қызмет тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Семинар- практикумның жұмыстары 4 секцияда жүргізіледі:

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыру процесінің өзектілігі;
  2. Кадрлар даярлау үдерісінің қолданбалы бакалавриат бағдарламасына көшу механизмінің негізгі ерекшеліктері;
  3. Инновациялық білім технологиялары бойынша арнайы пәндерді ағылшын тілінде (CLIL әдістемесі, TBLT, BOPPPS) оқыту. ТжКБ жүйесінің арнайы пән оқытушылары үшін BOPPPS моделі бойынша сабақты жоспарлау;
  4. Аккредиттеуге дайындық шеңберінде ТжКБ ұйымдарында білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесін әзірлеу.