Posted on

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және ITE Education Services (ITEES) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Бүгін «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ (бұдан әрі – Холдинг) және Сингапурдағы Техникалық білім беру институтының жүз пайызды ұйымы ITE Education Services (ITEES) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Мақсаты – Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білімді (ТжКБ) дамыту бойынша серіктестік. Меморандум тараптардың өзара тиімді ұзақ мерзімді серіктестікке және ITEES кәсіби қызметтері іске қосылатын, тараптар арасындағы ТжКБ саласындағы серіктестік үшін қызығушылықтың кең саласын анықтауға бағытталған.  

Меморандум шеңберінде ТжКБ жүйесін жаңғырту саласында серіктестікті, ТжКБ жүйесіндегі басшыларды оқыту әдістемесін зерттеу, жаңа технологиялармен және тәжірибелермен алмасу, сонымен қатар оқытушыларды оқыту әдістемесін зерттеу жоспарлануда.

Кездесу барысында тараптар ТжКБ жүйесін жаңғырту және дамыту жолдары туралы және аталған салада басшыларды даярлау жөніндегі пікірлермен алмасты, сонымен қатар мамандарды даярлаудың деңгейін арттырумен байланысты өзекті сұрақтарды талқылады.

Қазақстандағы ТжКБ жүйесінің басшылары мен оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша біріккен ұсыныстарды жүзеге асыру үшін, және меморандум мақсаттарына қол жеткізу үшін тараптар ресми деңгейде байланысты жалғастыруға ұмтылатын болады.

 

005

004

003

001