Posted on

«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және мазмұнының сапасын қамтамасыз ететін орталық ретінде ТжКБ ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің моделі» Халықаралық конференцияның пресс-релизі

27 қазан күні  Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында  ҚР білім және ғылым министрлігімен, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ бірлескен  «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және мазмұнының сапасын қамтамасыз ететін орталық ретінде ТжКБ ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің моделі» атты халықаралық конференция өткізілді.

Конференция жұмысына 260 адам қатысты. Республиканың оқу-әдістемелік бірлестіктерден 80 адам қатысты.

Конференцияға жоғары колледждің 12 халықаралық серіктестері қатысты. Құрметті қонақтар: Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартин, Франциядан келген мұғалімдер делегациясын, Солтүстік Кипрдің Шығыс Жерорта теңіз университетінің профессоры, профессор Ералп Бекташ, серіктестіктің үйлестірушісі Алимшан Файзуллаев, Финляндия колледждерінің өкілдері Кирси Малмстед, Екатерина Акульшина, Германия – Ян Бах.

Конференция тақырыбы қоғамның қызығушылығын тудырды. Пленарлық  отырыста ҚР БжҒМ ТжКБ Департаментінің мазмұны мен әдістеме Басқармасының басшысы Алгазинова Қ.М., ОӘБ төрайымы Қостанай жоғары политехникалық колледжінің директоры Дощанова А.І., Солтүстік Кипр Шығыс-Жерорта теңізі Университетінің өкілі Эралп Бекташ мырзаның, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Әбіл Е.А., халықаралық сарапшы Ян Бах мырзаның, Финляндия колледждерінің өкілі Кирси Малмстед ханымның, «СарыаркаАвтоПром ЖШС оқу орталығының «Алюр компаниялар тобы» АҚ корпоративті университетінің басшысы Олкинян Л.Ю. баяндамалары тыңдалды. Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын оқу-әдістемелік бірлестіктер қызметінің призмасы арқылы жаңарту жайлы өзекті мәселелер талқыланды.

Конференцияға қатысушылар әлеуметтік серіктестің кәсіпорны «Баян Сұлу» АҚ аралады.

Қолданбалы бакалавриат, WorldSkills Чемпионаттарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша панельдік сессияның жұмысы барысында қызу пікірталастар туды.  Панельдік сессиялар келесі бағыттар бойынша жұмыс істеді:

– Халықаралық ынтымақтастық;

– ОӘБ –  WorldSkills стандарттарын есепке ала отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізудің әдістемелік орталығы ретінде

– ОӘБ – кредиттік оқыту технологиясын қолдану арқылы модульдік негізде қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларын енгізудің  тиімділігін қамтамасыз ететін орталық.

Халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, ұйымдық басқару құрылымын құру, ОӘБ қызметінің үлгілік ережелерін жасау бойынша  ұсынымдар әзірленді.