Posted on

Астанада Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының әдістемесі мен нұсқасын әзірлеу және талқылау бойынша Республикалық дөңгелек үстел-семинар жүргізілді

Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне қолданбалы бакалавриатты енгізуге ақпараттық-сараптамалық қолдау көрсету бойынша мемлекеттік тапсырманы орындауда.

Заманауи еңбек нарығының сұранысы әр алуан, бірақ жұмыс берушілерге жоғары білікті мамандар қажет – жұмысшыдан инженерге дейін. Тек қолданбалы бакалавриат ғана білім алушыға оқуды аяқтағаннан кейін бірден кәсіби қызметпен айналасуға мүмкіндік береді.

2016 жылдың 8 қыркүйегінде Астанада  Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының әдістемесі мен нұсқасын әзірлеу және талқылау бойынша Республикалық дөңгелек үстел-семинар жүргізілді.

Іс-шараға колледждердің республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылар, жұмыс берушілер мен білімді дамыту институттарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел – семинар барысында төмендегі сұрақтар талқыланды:

  • Көкшетау қ. Жоғары колледж базасында қолданбалы бакалаврға даярлау тәжірибесі;
  • өндірістік бағытта бакалаврларды даярлау бойынша ҚарМТУ тәжірибесі;
  • шетелдік мемлекеттерде қолданбалы бакалавриат бойынша мамандарды даярлауды талдау;
  • қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлауға жұмыс берушілердің қоятын заманауи талаптары.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының нұсқасы мен әзірлеу әдістемесі жобасын талқылауға ұсынды.

Дөңгелек үстел-семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды. Қатысушылар қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасының нұсқасы мен әзірлеу әдістемесінің жобасын мақұлдады.

 

фото 1

фото 2

фото 4