Posted on

Орал каласындағы Республикалық семинар

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ «Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктермен бірге 2017 жылдың 2-3 қараша аралығында «Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж» МКҚК базасында «Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог мамандарын даярлау мәселелері» атты Республикалық семинар өткізеді.

Мақсаты – 12 жылдық білімді есепке ала отырып білім беру бағдарламаларын мазмұнын жаңарту, Букварь мен нөлдік сыныпты енгізуді есепке ала отырып АКМ үшін Қазақстан Республикасының ТжКБ жүйесіне педагог мамандарын даярлау, сонымен қатар педагогикалық мамандықтар бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу сұрақтарын қарастыру болып табылады.

Қатысушылар: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Орал қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, республикалық педагогикалық, гуманитарлық колледж мамандары, Орал қаласы мектептерінің мамандары.