«Экономика 3.0 сұраныстарын ескере отыра кадрларды даярлау және қайта даярлауды жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде 2017 жылдың 3 қарашасында (09.00 мен 17.00 сағат аралығында) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Кәсіпқор» холдингі» КЕҚ Атырау қаласының «APEC Petrotechnic» жоғары колледжімен бірге «APEC Petrotechnic жоғары колледжінің тәжірибесін трансляциялау» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Конференция жұмысына Қазақстан Республиксының білім және ғылым министрлігінің өкілдері, облыстар және Астана, Алматы қ.қ. әкімдері орынбасарлары, облыстық білім басқармаларының басшылары, еліміздің барлық аймақтарынан колледж директорлары мен оқытушылары қатысады.
Бұл іс-шара кадрларды даярлау жүйесіне озық ұлттық тәжірибені трансляциялау және заманауи формациядағы оқу орындарының жаңа өсу тетіктерін анықтауға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады.
Конференцияның негізгі баяндамалары келесі бағыттардағы «APEC Petrotechnic» жоғары колледжінің оқу процессін ұйымдастыруда жаңа инновациялық тәсілдерді қолдануының іс жүзіндегі тәжірибесін талқылауға арналады:
- мұнай-газ саласындағы халықаралық білім беру хабын құру келешегі;
- өндіріс және еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін оқу процессін ұйымдастырудағы тәсілдер;
- педагогикалық кадрларды іріктеу және олардың біліктілігін арттыруда инновациялық әдістерді қолдану;
- коммерциялық жобаларды жүзеге асыру арқылы оқу орындарының кәсіпкерлік әлеуетін дамыту.
Сонымен қатар, конференция барысында, миссиясы кадрларды даярлауды ұйымдастыру процессінде жаңа құралдарды қолдану және ТжКБ жүйесіндегі оқыту бағдарламаларына WorldSkills стандарттарын енгізуге бағытталған, WorldSkills Kazakhstan құзыреттілік орталықтарын құру мәселелері талқыланады.
Конференция жұмысына мемлекеттік органдар, колледждер өкілдерін және кадрларды даярлау процессінің қызығушылық танытқан өзге тараптарды қатысуға шақырамыз.
Қосымша мәліметтер www.kasipkor.kz сайтында,
сонымен бірге, 8 (7172) 79-45-40 телефондары бойынша қолжетімді