Posted on

Қостанай қаласындағы халықаралық конференция

2017 жылдың 27 қазанында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ бірге «Техникалық және кәсіптік білім мазмұнын дамыту және сапасын қамтамасыз ету механизмі ретінде ТжКБ беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің моделі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция жұмысына халықаралық серіктестер қатысады: Қазақстандағы Францияның Төтенше жағдайлар және Уәкілетті Елшісі  Филипп Мартинэ, Қазақстандағы Франция Елшілігінің ғылыми және техникалық серіктестік бойынша атташе Александра Тиркюир-Менс ханым, Солтүстік Кипрдің Шығыс-Жерортатеңіз Университетінің проректоры, Финляндия, Германия, Ресей уолледждерінің өкілдері.

ҚР оқу-әдістемелік бірлестіктері– бұл ел экономикасының инновациялық дамуы талаптары мен әлемдік тенденцияларға сай технологиялар мен әдіснамаларды, жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша басты механизм болып табылады.

Сонымен қатар Францияның, Германияның, Финляндияның, Солтүстік Кипрдің, Ресейдің халықаралық серіктестерімен болашақта жұмыс жасау талқыланады. Қостанай политехникалық жоғары колледж базасында WorldSkills чемпионатына қатысушыларды және сарапшыларды өңірлік, ұлттық және халықаралық чемпионаттарға дайындау мақсатында WorldSkills чемпионатының салалары бойынша құзыреттілік орталықтарын ашу тақырыбы өзекті болады.

Конференция шеңберінде «Баян Сұлу» АҚ, «Сарыарқаавтопром» ЖШС әлеуметтік серіктестеріне бару жоспарланды.

Конференция жұмысы Қостанай политехникалық жоғары колледж базасында төмендегі бағыттар бойынша секция отырысында жалғасытырылады:

  • ОӘБ – кредиттік оқыту технологиясын қолдану арқылы модульдік негізде қолданбалы бакалавр бағдарламаларын енгізуді әдістемелік басқару орталығы.
  • ОӘБ WorldSkills стандарттарын есепке ала отырып жұмыс білім беру бағдарламаларын әзірлеудің және енгізудің әдістемелік орталығы.

Конференция соңында жаһандық негізде білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер жұмысын жандандыру үшін ұсынымдар әзірленетін болады.

 

Пленарлық отырысты өткізу орны: И. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры, Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 144

Қатысушыларды тіркеу: 9:30

Басталуы:10:00

 

Секция отырысы: – Қостанай политехникалық жоғары колледж, Қостанай қ., Қобыланды батыр даңғ., 3.

Басталуы: 14:30