Posted on

«Педагог мамандарды даярлаудың жаңа бағыттары» тақырыбындағы республикалық семинар-практикум

ҚР БжҒМ және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ басшылығы бекіткен республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 10 маусымында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Педагог мамандарды даярлаудың жаңа бағыттары» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар-практикумның мақсаты: 0111000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 010101 3 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі», 010102 3 «Тәрбиеші-ана (патронат тәрбиешісі), 010103 3 «Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі» біліктіліктері, 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының 010508 3 «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын талқылау, жаңарту.

Семинар-практикумға қатысқандар: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, республикадағы педагогикалық, гуманитарлық колледж мамандары, колледждің әлеуметтік серіктестіктерінің өкілдері, педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі, шетел тілі, информатика кафедраларының оқытушылары.

Семинар-практикумда колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан ПҒА корреспондент мүшесі Ахат Нұртас Ахатұлы оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары бойынша өзкізілген іс-шалар мазмұнына, ал Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов Валерий Георгиевич Ақмола облысы білім беру саласындағы жетістіктерге, Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жаңалықтарға тоқталып өтті. «Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ басқарма төрағасы, философия ғылымдарының докторы, профессор Аршабеков Нұрғали Рахымғалиұлы педагог мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ қазіргі таңдағы техникалық және кәсіптік білім беру саласында педагог кадрлар даярлау сапасы жайында пікір білдірді.  

Жұмыс тобының отырысында жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мектепке дейінгі бөлімнің меңгерушісі А.Смаилова, бастауыш мектеп бөлімінің меңгерушісі Қ.Мұқышева,  ағылшын бөлімінің меңгерушісі Ә.Сабырова білім беру бағдарламаларының жобасымен таныстырды. Аталған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны жөнінде Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелері кафедрасының жетекшісі Б.Батанасова және шетел тілі кафедрасының жетекшісі А.Шекербаева әзірленген білім беру бағдарламаларының жобасын талқылауға ұсынды. Аймақтық колледждердің арнайы мамандары  өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ортақ тұжырымға келді.

Семинар-практикум барысында айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, аталған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қарастырылып, бекітуге ұсынылуы туралы қаулы қабылданды.