«Біздің тапсырмамыз – қазақстандықтардың
және, бірінші кезекте жастардың білімге,
ақыл-парасатқа деген көзқарасын өзгерту,
Отанға және халыққа қызметке көрсету.
Бізге ұлттық ақыл-парасаттың ядросын
құру қажет, халықаралық деңгейде
бәсекелестікке қабілетті білімді адамдар қажет».
Президенттің 2011 жылдың қазандағы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
студенттеріне жолдауынан
Өмірдің шынайылылығы, адамның кез келген жетістігі – жеке немесе кәсіби – еңбек қызметінде қай саласын алмаса да өз құзыреттілігін дәлелдей алуға негізделеді.
Еңбек нарығының өзекті мамандықтары бойынша кәсіби стандарттарды жаңарту және өндіріске инновациялық технологияларды енгізу Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне (ТжКБ) маңызды тапсырмалар қояды – жұмыс берушілердің талаптарына және еңбек нарығының конъюнктурасына жылдам көңіл бөлу және әлемнің стандарттарына сай мамандарды даярлау.
Аталған мәселе, меншіктің барлық түрлеріндегі білімді ұйымдастыру үшін педагогикалық мамандарды даярлауды жүзеге асыратын Астана қаласының гуманитарлық колледжінің оқытушыларын – бізді де айналып өтпеді.
ТжКБ беру ұйымдарының алдына қойған тапсырмаларға қол жеткізу үшін «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ халықаралық талаптарға сай ТжКБ беру ұйымдарының инженер-педагог қызметкерлеріне арналған курстарды өткізуде.
Курстық оқыту бағдарламасында модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде жаңа білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру әдістемесі бар.
Біліктілікті арттыру курстары әртүрлі білім беру ұйымларымен ұсынылды, олар өзекті де, сұранысқа ие болды.
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі соңғы реформаларына жауап беретін мазмұндағы курстарды ұйымдастырып, өткізді.
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ штаттан тыс тренері Мейрамхан Амантайқызы Шабданованың ұсынған оқыту бағдарламасы, біздің оқытушыларға қысқа мерзімде модульдік оқытуға көшудің маңыздылығын ғана түсіндіріп қоймай, құзыреттілік тәсіл негізінде арнайы пәндер бойынша бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға мүмкіндік берді. Аранайы пәндерді оқыту әдістемесін өзгерту модульдік оқытуды енгізумен байланысты, оқытудың мазмұнын ғана өзгертіп қоймай, студенттің жеке дамуына бағытталған оқыту тәсілдерін өзгертіп және оның қалыптасуына жағымды жағдай туғызады.
Біліктілікті арттыру курстарының тындаушылары – оқыту процесіндегі модульдік тәсіл Қазақстан Республикасының заманауи тапсырмаларымен байланысты – заманауи шынайылылыққа студенттердің ойын бейімдеу және қайта құру, алған білімін практикаға бағыттау арқылы қолдану және өзіндік оқу дағдысын дамыту.
Модільдік технологияның болашағы колледжде сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті дамыған тұлға және жоғары білімді маман оқытылады.
ТжКБ жүйесіне енгізілетін модільдік оқытудың технологиясы студенттердің жұмысқа орналастыру сұрақтарына көп оң нәтижелер әкеледі және жұмыссыздық проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Бір немесе бірнеше біліктілігі бар адам бірнеше жыл бойы білім алуға және басқа мамандық бойынша біліктілікті алу үшін қайта дайындықтан өтуге қажеттілігі жоқ. Ол аталған біліктілікті қысқа мерзімде алып, жұмысқа орналаса алады.
Оқытудың модільдік технологиясы – үздіксіз білімді қамтамасыз ететін икемді жүйе, ең бастысы оқытушыда, студентте оқыту нәтижесіне нақты бағытталған.
Оқыту материалдарына қатысты – модільдік тәсіл негізінде оқытуда ол аяқталған элементтерден тұратын құрылым ретінде қарастырылады. Оқыту материалдарының ауспалы бөлімдерінің бөлімшелері бір-біріне тәуелді емес және әрбір бөлімнің оқыту материалдарын тез арада өзгеріп, толықтыруға мүмкіндік береді, ол қызмет түрлерінің және әрекет тәсілдерінің түрлеріне тез үйренуге мүмкіндік береді. Дұрыс құрылған модільдік бағдарламаның құрылымы білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне оқыту мазмұнын студенттердің меңгеруін және бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Оперативтік білім студенттің жеке қызмет кезінде алған білімін қолдану және меңгерген білімнен тыс жағдайларда өзгеше жағдайда қолдану барысында меңгеріледі. Оқыту материалдарына берілетін ақпарат оқыту мазмұнын меңгеруге бағытталуы тиіс.
Модільдік-құзыреттілік тәсілі процесінде оқытушы кеңестік-бағыттаушы рөлін атқарады. Танымдық қызметінбасқару функциясы студентке берілежі және өзіндік басқару функциясы ретінде беріледі. Ең бастысы – бағалау критериі оқу процесінің барлық қатысушылары – студенттер, оқытушылар, әкімшілік және ата-аналар үшін оқыту процесін айқын және түсінікті етеді. Міндетті жүргізу қажет: кіріс диагностикасы, өзіндік бақылау, өзара бақылау және шығыс бақылауы.
Модільдік оқытудың түйіні оқыту процесін дербес мазмұнды-технологиялық бірліктерге (модуль) бөлуге болады, оған студеттерге арналған әдістемелік нұсқаулық, бағалау жүйесі мен мақсатты әрекет бағдарламасы ба ақпараттар банкі енеді.
Жұмыс оқу бағдарламасын құру кезінде практикалық қызметте бөліп жарып айтатын модульдік оқытудың басты элементтері:
— оқыту мазмұнының нақты құрылымы;
— блок мазмұндарының толықтығы және дербестілігі;
— әрбір студентке арналған визуалды түсінік беретін әдістемелік нұсқаулық;
— оқыту материалдарымен жұмыстың дербес жылдамдығы;
— әрбір студенттің оқыту материалдарының әрбір порциясын меңгеруді бақылау.
Бізді шығармашылық жобалар нәтижелері қанағаттандырды, бірақ қосымша толықтыруларды қажет етті, бірақ басты жағдайлар толық меңгерілді – ол модульдік оқытудағы құзыреттілк тәсілге деген бағыт.
Біздің топтың сапалы жұмысын әрбір тындаушыға деген тренердің жеке-бағытталу тәсілі қамтамасыз етті, өйткені топта әртүрлі әкімшілік-педагогикалық дайындығы бар әртүрлі пәннің оқытушылары жұмыс жасады.
Осы мақалада айтқандар біліктілікті арттыру курстарының тындаушылармен және менімен өз жобаларымызды шығармашылық қорғау барысында дәлелденді.
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның Астана қаласының гуманитарлық колледжі оқытушыларына жүргізілген курстары өз мақсаттарына жетті және заманауи қоғамның интеллектуалды нарығының тенденцияларына жауап берді.
Біздің тындаушылары мынадай қорытындыға келді – ТжКБ беру ұйымдарындағы оқыту процесі модульдік-құзыреттілік тәсілге негізделуі керек, өйткені бұл бәсекеге қабілетті және білікті мамандарды даярлау мен құрудағы басты қадам болып табылады.
Кожахметова Раушан Тоқтарқызы –
ГККП «Астана қаласының гуманитарлық колледжі» МҚКК
арнайы пәндер оқытушысы