Posted on

«Қазақстандағы дуалды оқыту: транспорттық-логистика саласы тәжірибесінде мамандарды даярлау» қазақстандық-германдық конференция

2017 жылдың 7 сәуірінде Алматы қаласында «Қазақстандағы дуалды оқыту: транспорттық-логистика саласы тәжірибесінде мамандарды даярлау» қазақстандық-германдық конференциясы болып өтті. Конференция ұйымдастырушысы Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың Үкіметі болды.

Конференцияны өткізу негізі 4-ші өндірістік революция және онымен байланысқан болашақта кәсіптік біліктілікке қойылатын талаптар болып табылады. Дуалды кәсіптік оқытуды енгізу арқылы Қазақстан кәсіпорындардың бәсекелестігін қамтамасыз ету бойынша және олардың инновациялық потенциалын дамыту бойынша маңызды тапсырмаларды шешуге үлкен қадам жасады.

ДСҰ жаңа мүшесі және Азия мен Еуропа арасындағы ауқымды сауда «буыны» ретінде Қазақстанға логистика саласында халықаралық талаптарға сәйкес болуға үлкен рөл беріледі. Дүниежүзінің барлық мемлекеттерінде өкілділіктері бар тәжірибелі халықаралық логистикалық компаниялар Қазақстанды өз қызметтерін көрсету үшін «хаба» ретінде пайдалануды көздеуде және білікті мамандарға деген сұранысы артуда.

Қазақстандық-германдық конференция шеңберінде Халықаралық серіктестік жөніндегі герман қоғамы (GIZ), Фраунгофер (Магдебург) атындағы институты, Кюне атындағы қоры және Кюне-Нагель логистикалық қызметтердің халықаралық провайдері мемлекет экономикасына және халықтың жұмыспен қамтылуына сандық технологияны пайдалану әсерінің әр алуандылығы туралы пікірге өз үлестерін. Мамандарға деген сұранысты анықтау үшін қазақстандық кәсіпорындарда сандық технологияларды пайдалану жағдайының өзектілігін анықтау туралы сұрақты талқыланды.

Қызығушылық артқан қазақстандық логистикалық компаниялар, ТжКБ беру ұйымндарының, Әкімшілік, Алматы қ. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері аталған саланың мамандарын дуалды оқытуды бастамашылық ету үшін логистика саласында заманауи кәсіптерді енгізу бойынша алғашқы қадамдарды және сұранысты талқылады. Конференцияда Алматыны арнайы қазақстандық «логистикалық хаба» ретінде және жаңа инновациялық логистикалық кластер ретінде құру сұрақтары талқыланды