Posted on

ҚР Білім және ғылым министрлігі коллегиясының кеңейтілген отырысының секциялық кеңесі

23 февраля совещание МОН

2017 жылдың 23 ақпанда Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті базасында ҚР Білім және ғылым министрлігі коллегиясының секциялық кеңесі өткізілді.

ҚР БҒМ ТжКБ департаментінің «Мамандарды даярлау. Мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы секциялық кеңесте модераторы ҚР БҒМ ТжКБ департаменті директорының м.а. Н. Ж. Оспанова болды.

Кеңеске ТжКБ беру ұйымдарының өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы ққ. ТжКБ бөлімдерінің басшылары, ТжКБ беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің өкілдері және т.б. қатысты.

«Баршаға арналған тегін ТжКБ» жобасын 2017 жылдан бастап енгізу; «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның 2016 жылғы қызметі және ТжКБ жаңғыртудағы негізгі тапсырмалары; бизнес-қауымдастығымен серіктестік; ТжКБ саласындағы КТА-2017 жаңа форматы; «Еңбек қабылетін дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы; Жастар корпусын дамыту туралы баяндамалар тындалды.

 

23 февраля совещание МОН 2

23 февраля совещание МОН 3

Фото  www.enu.kz сайтынан