«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы “WorldSkills Kazakhstan 2023” кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуге сарапшыларды worldSkills стандарттары бойынша оқыту курстарын өткізуде. Бұл WorldSkills Kazakhstan өңірлік және республикалық чемпионатын өткізу кезінде сондай – ақ, Қазақстаннан WorldSkills Europe және WorldSkills International чемпионаттарына сарапшы болуға мүмкіндік береді. 2-6 мамыр аралығында 50-ден астам тыңдаушы оқудан өтті. Келесі ағындар 15-27 мамыр аралығында -72 сағат және 5-9 маусым аралығында-36 сағат өткізіледі.