Posted on

2 – 5 мамыр «WorldSkills 2023» аймақтық байқауының соңғы аптасы.
Кезекті республикалық чемпионатқа қатысатын үміткерлерді анықтау мақсатында Алматы облысы бүгін чемпионаттың ашылу салтанатын өткізді. Аймақтық чемпионатқа «Talap» КеАҚ вице – президенті Нұржан Садықов қатысты.
Аталмыш аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты əртүрлі құзіреттіліктер бойынша 5 колледждің базасында өтеді.

Үш күн бойы өткізілетін додаға облыстағы 19 колледжден 23 компетенция бойынша 64 студент қатысып жатыр.