«Talap» КеАҚ вице-президенті Садықов Нұржан Қабылқадырұлы мен WorldSkills бөлімінің басшысы Динара Ибираимқызы 17 сәуірден бастап өтіп жатқан «WorldSkills Astana 2023» аймақтық чемпионатының конкурстық базасына ат басын тіреді.
«Техникалық колледж» бен «Астана Жоғары политехникалық колледждерінде» 13 құзіреттілік бойынша өткізіліп жатқан чемпионат өткізу мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар бас сарапшылармен, кәсіпорындардың сарапшыларымен кездесу өткізіліп, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама хаттамаларын қадағалап, бағалау критерийлері, CIS, АҚ қатысушылары мен бағалаушы сарапшыларының тізімдері мен конкурстық құжаттама қаралды.
Сондай-ақ, бірқатар ұсыныстар әзірленді: Білім басқармасы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын WorldSkills халықаралық чемпионаттарында қолданылатын заманауи жабдықтармен жарақтандыру және құзыреттілік орталықтарын құру, оның ішінде WorldSkills халықаралық чемпионаттарына қатысушыларды даярлау жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды.