Бүгін «Talap» КеАҚ Президенті Утельбаева Шолпан Ануарбекқызы ҚР ІІМ «М. Есболатов атындағы Алматы академиясымен» меморандумға қол қойды.
Бұл меморандум ТжКБ ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрі салалық бағдарламаларды ілгерілетуге және іске асыруға бағытталған.
Сондай –ақ, болашақта бірлескен және келісілген іс-шараларды іске асыру бойынша тиімділік пен кәсібилікті арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жоспарланған.
Сонымен қатар меморандум шеңберінде қос тарап келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниетті:
– ТжКБ жаңғырту саласында өзара мүдделі ақпарат алмасу;
– жүргізіліп жатқан зерттеулер бойынша материалдармен алмасу;
– бірлескен біліктілікті арттыру курстары, семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру;
– бірлескен оқу және ғылыми жобаларды, бағдарламаларды, шеберлік сабақтарын өткізу т.с.с бағыттарды жүзеге асыру жоспарланды.