Posted on

«Флористика» құзіреттілігі бойынша халықаралық чемпионатқа іріктеу туры басталды

Бүгін «Talap» КеАҚ Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжінде» «Флористика» құзіреттілігі бойынша Worldskills халықаралық чемпионатқа қатысу үшін іріктеу турын бастады.

Флорист – бұл флористика саласындағы сәндік – қолданбалы өнер маманы.
Чемпионатқа «Фористика» құзіреттілігі бойынша Астана, Алматы қалаларынан, Қарағанды, Абай, Батыс Қазақстан, Ақмола өңірлерінен 6 қатысушы өз шеберліктерін көрсетеді. Чемпионат білікті кадрларды даярлауға жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

Worldskills бұл жай ғана байқау емес – бұл Қозғалыс. Алты негізгі бағытта жұмыс істей отырып – ғылыми (қолданбалы) зерттеулер, халықаралық ынтымақтастық, кәсіптік бағдар беру және мансапты басқару, кадрларды оқыту және даярлау (WSI стандарттарын енгізу), WorldSkills Чемпионаттарын өткізу, дағдыларды ілгерілету кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдірудің жаһандық орталығына айналады.

Сондай – ақ, «WorldSkills» – бүкіл әлемде кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру негізінде кәсіптік стандарттарды үйлестіру арқылы білім беруді дамыту болып табылады.