Posted on

Елордада ағартушы сала мамандары Оқу ағарту министрлігінде бас қосты

Елордада ағартушы сала мамандары Оқу ағарту министрлігінде бас қосты.

Шарада Саха Республикасы (Якутия) халықтарының Сыртқы байланыстар және істері министрлігі өзінің әріптестік ұсынысын білдірді.

Олар алда ана тілдерін оқыту, сақтау, дамыту саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастыруды қолға алуда.

Ұсыныста келесідей жағдайлар қарастырылған:

– Мектеп оқушыларының пәндік олимпиадалары мен ғылыми конференцияларына өзара қатысу.

– Республика оқытушылары, тәлімгерлері мен тренерлерінің ғылыми, әдістемелік, педагогикалық іс-шараларына қатысуы.

-Бірлескен ғылыми жобаларды және алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру.

-Орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесi қызметкерлерінің арасында жоғары оқу орнынан кейiнгi бiрлескен халықаралық оқуларды ұйымдастыру, секілді ұтымды ұсыныс жайы айтылған.

Ал бас қаладағы басқосуда «Talap» КеАҚ Президенті Утельбаева Шолпан катысып, іскерлік байланысқа куә болды.