Posted on

«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» педагогтердің республикалық тамыз конференциясы шеңберінде өткен «Академиялық дербестікті ескере отырып ТжКБ ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысын трансформациялау» тақырыптық алаңының қорытындысы Нұр-Сұлтан қ.

2022 жылғы 19 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО Конгресс-орталығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың, ҚР Оқу-ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының және еліміздің өзге де мемлекеттік қайраткерлерінің қатысуымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» педагогтердің республикалық тамыз конференциясы шеңберінде ТжКБ тақырыптық алаңының отырысы өтті.

Республикалық тамыз конференциясы шеңберінде ТжКБ педагогтерінің «Академиялық дербестікті ескере отырып, ТжКБ ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысын трансформациялау» атты тақырыптық алаңы өтті.

Тақырыптық алаң жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Talap» КеАҚ қызметкерлері, білім беру басқармаларының өкілдері, ТжКБ ұйымдарының басшылары мен педагогтері, колледж директорлары кеңесінің және қауымдастығының төрағалары, сондай-ақ жұмыс берушілердің өкілдері қатысты.

Тақырыптық алаң жұмысы тақырыбының мазмұны «Ашық аквариум» форматында 2 блок шеңберінде талқыланды:

  1. ТжКБ мазмұнын жаңарту.
  2. Академиялық дербестік шеңберінде студенттердің құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Бірінші блоктың сұрақтарын талқылау үшін «Talap» КЕАҚ ТжКБ мазмұны басқармасының бастығы Далабаев Ж.К., «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК (Павлодар қ.) директоры Джартыбаев С.Т., «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі» ЖМ директоры Сыздыкова А.Ш., «Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» КМҚК Карагулов Е.С., және жобаның сертификатталған басшысы (IPMA level C), жобаны басқару бойынша сарапшы, бизнес-тренер Ахметжанов А.А. сарапшылар ретінда өзекті мәселелерді қозғап, тәжірибелерімен бөлісті.

Академиялық дербестік шеңберінде студентерімізде құндылықтар жүйесін қалыптастыру мәселесін талқылау үшін келесі спикерлер Мағзұм А.Т. – «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты елордалық филиалының төрағасы, Хасанова А.А. – Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінің директоры, Сманова Г.К. – Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, Досман С.Н. – «Astana Polytechnic» жоғары колледжі» КМҚК директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ішкі шеңберден орын алынды. Оқу орындарымыз өздерін мазалап жүрген сұрақтарға жауап алды.

Ашық алаң жұмысының тақырыбы ТжКБ ұйымдарының академиялық дербестігі аясындағы өзекті мәселелердің мазмұнын талқылауға мүмкіндік берді. Педагогтердің республикалық тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша құжаттарда көрініс табатын ұсыныстар берілді.