Posted on

Білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы шеңберінде «ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» 5 панельдік секцияны өткізу қорытындысы Көкшетау қ.

2022 жылғы 18 тамызда Көкшетау қаласында жыл сайынғы білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы аясында 5 панельдік секцияның отырысы өтті. Секцияның модераторы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ТжКБ департаментінің директоры – Оспанова Насымжан Жамбекқызы.

Панельдік секцияның жұмысын Ақмола облысы әкімінің орынбасары Рамазанов Елдос Мұратұлы ашты.

Панельдік секция жұмысының мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес 2022-2023 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау, кадрларды даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнеспен және өндіріспен тиімді өзара әрекеттестік тәжірибесін қарау.

Секция жұмысына «Атамекен» ҚР ҰКП, «Шаңырақ» ЗТБ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Алтыналмас АК» АҚ, «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС, «Қостанай минералдары» АҚ, «AITAS KZ» АҚ жұмыс берушілер атынан, «Talap» КеАҚ, Нұр-сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының ТжКБ ұйымдарының педагогтері мен басшылары қатарынан Off-line/On-line форматта 1300-ден астам адам қатысты, сондай-ақ панельдік секция жұмысына Woosong университеті колледждерінің Президенті (Оңтүстік Корея) Даль Ёнг Ли мырза қатысты.

Секциялық отырыстың жұмысы кадрларды даярлау процесіне бизнес пен жұмыс берушілердің белсенділігін тартуға бағытталды, колледждер мен кәсіпорындардың өзара тиімді әрекеттестігінен мысалдар келтірілді.

Пленарлық отырыстан кейін практикалық бөлім өткізілді, оның ішінде колледждер жанындағы арнайы орталықтарына бару, және шеберлік-кластар мен тренингтер өткізілді.

ТжКБ педагогтарының 5 панельдік секциясының жұмыс қорытындысы бойынша, білім беру көшбасшыларының Республикалық тамыз форумы шеңберінде, отырысқа қатысушылар кадрларды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылап, жұмыс үшін басым бағыттарды белгілеп, ұсынымдар әзірледі.

 

Материалдар