Posted on

Білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы шеңберінде «Еңбек нарығы және кәсіптік білім беру: жаңа мүмкіндіктер» 4 панельдік секцияны өткізу қорытындысы

2022 жылғы 16 тамызда Тараз қаласында жыл сайынғы білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы аясында ТжКБ педагогтерінің 4 панельдік секциясы өтті. Секциялық отырыстың модераторы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ТжКБ департаментінің директоры – Насымжан Жамбекқызы Оспанова.

Секция шеңберіндегі жұмыста бір жарым мыңнан астам қатысушыны қамтыды (Off-line – 500 адам, On-line – 1000 адам).

Панельдік секция жұмысында мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес 2022-2023 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындалды, кадрларды даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнеспен және өндіріспен өзара тиімді әрекеттестік тәжірибесі қаралды.

Пленарлық секцияның жұмысына «АЭМЗ» ЖШС, «ЕРМО» ШҚ, «Шәушен» ШҚ, «ГИС» ЖШС жұмыс берушілердің өкілдері, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Talap» КЕАҚ қызметкерлері, «Атамекен» ӨКП өкілдері, ТжКБ бөлімдердің басшылары, әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің өкілдері, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының ТжКБ ұйымдарының басшылары мен педагогтері белсенді қатысты.

Ашық талқылау алаңы секция жұмысын кадрлар даярлау процесіне жұмыс берушілерді белсенді тарту мәселелеріне бағыттауға мүмкіндік берді, колледждер мен кәсіпорындардың іс жүзіндегі өзара тиімді әрекеттестігі қаралды, сонымен қатар, секция жұмысына қатысушылар білім беру процесін іске асыру бойынша басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Республикалық тамыз форумының практикалық бөлімінде алдыңғы қатарлы колледждердің, құзыреттілік орталықтарының, базалық кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесімен таныстыру мақсатында Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне, Тараз сервис және технология колледжіне, Құлан агротехникалық жоғары колледжіне және «AgroGreen» ЖШС экскурсия ұйымдастырылды.

Кадрларды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылай отырып, отырысқа қатысушылар алдағы оқу жылына арналған жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап, білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумының 4 панельдік секциясының жұмыс қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірледі.

Материалдар